АУЫЛДЫҚТАРҒА ТАРТУ

      Осыдан бір жыл бұрын Набережное ауылында мәдениет үйі есігін айқара ашты. Ауылдықтар бұл оқиғаны көптен күткен еді. «Бұлақ» бағдарламасы аясында жартылай құлап-қираған мәдениет ошағын қайтадан қалпына келтіруге мүмкіндік туды.
      Бүгінде мұнда 150 адамға арналған көрермен залы, кітапхана және хореография залы жұмыс істейді. Мұның бәрі осы ауылдың тұрғындарының шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бос уақыттарын рухани тұрғыда пайдалы өткізуге жол ашатыны кәміл.
       Жақында Набережное ауылының мәдениет үйінде теннис және бильярд ойындарына арналған үстелдер пайда болды. Ауылдағы жастарға бұл тартуды «Андас» шаруа қожалығының басшысы З.Сәлменбаев жасады. Өздеріне арналған бұл сыйлыққа ауылдықтар дән риза. Сондай-ақ, мәдениет үйінде шашки, шахмат ойындарымен қатар, домбыра тартуды да үйренуге болады.

 

Роза МҰСТАФИНА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30