«КҮЗ АРУЫ-2010» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

      Барлыбай ауылында «Күз аруы-2010» байқауы өтті. Оған мектептің жоғары сыныптарында білім алып жатқан арулар қатысты. Мәдени шараны ұйымдастырушы, ауыл клубының меңгерушісі Г.Отыншинаның айтуынша, байқаудың мақсаты дарындарды анықтап, жеткіншектердің рухани тұрғыдан дамуына ықпал ету болып табылады. Төрт кезеңнен тұратын сында арулар өздерін таныстырып, шаш қою және киім кию үлгілерін жасау бойынша сынға түсті. Ал соңғы кезеңде байқауға қатысушылар ән айтып, би биледі, әртістік қабілеттерін көрермен назарына ұсынды. Байқаудың барлық кезеңдерінен сүрінбей, ең жоғары ұпай жинаған Мәдина Кімбаева бас жүлдені жеңіп алды. Аида Сембаева, Айзада Олжабаева және Диана Драгановалар да ерекшелене білді. Сынға түскен барлық арулар грамоталармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

 

Б.БАШИКОВА,

Ақтоғай ауданы.

 

Пікірлер  

 
0 #2 күз аруы 29.10.2011 03:51
күз аруы өзін өзі таныстратын өлең немесе тақпақ барма :cry: :sad:
Цитировать
 
 
+2 #1 Куз аруына кандай мода көрсетуге болады::: 15.10.2010 01:09
Цитировать
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30