«БАР АДАМҒА БАҚЫТ СЫЙЛАР ЕДІМ...»

    С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығына арналған «Бар адамға бақыт сыйлар едім...» атты жыр кеші өтті. Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткен шараға Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж, ПМПИ, ИнЕУ студенттері, Қазақ-түрік лицейінің оқушылары, кітапхана оқырмандары және Жол полициясы инспекциясының қызметкерлері қатысты.

    Кеш барысында әдебиет жанашыры Д.Асенов ақын шығармашылығына жан-жақты тоқталып, оның 1975 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» өлеңін оқып берді. Г.Потанин атындағы музейдің ғылыми қызметкері Е.Рахимов ақынның өмір жолы туралы әңгіме өрбітсе, облыстық кітапхананың қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Н.Шайкенова оқырмандар назарына қазақтың жыр дүлділінің  мол әдеби мұрасын оқырман қауымға ұсынды.

    Шараға қатысқан студенттер мен оқушылар дайындаған шағын концерттік бағдарлама да жыр кешінің сәнін келтірді. Б.Ахметов атындағы педколледж студенті Нұрғайым Саяхат «Аққуым аспанда емес, жерде менің», «Жас дарын» мектебінің оқушысы Фарида Төлеубаева «Мен – қазақпын!», Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Мадина Үкібай «Адамдар, бақытты болыңдар!» өлеңдерінен үзінділер оқыды.

    Жұбан атамыздың поэзиясынан сыр шертетін жыр кеші «Кеудеме өлең нұрын құйып өткен» атты кітап көрмесімен жалғасын тапты.

            А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30