Ауылдарда дәріханалар ашылды

Ақсу қаласына қарасты бірнеше ауылдық жерлерде дәріханалар ашылды.

Мұндай қуанышты сәт Парамоновка және Пограничник ауылдарында орын алды. Дәріханаларға арнайы бөлмелер бөлініп, олар қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Бұларда сондай-ақ арнайы рецепт бойынша тегін босатылатын дәрілер де бар. Дәріханалардың іші кең, жарық, қазіргі талапқа сай жабдықталған, келушілердің мұндай игілікті істің жүзеге асырылғанына қуаныштарында шек жоқ. Енді олар керекті дәрі-дәрмектерін ауылда ашылған дәріханадан сатып алатын болады. Негізі мұндай дәріханаларды Ақсу қаласына қарасты 9 ауылдық жерде ашу көзделіп отыр.

Бұл күні сонымен қатар жылжымалы дәріханалар да жолға шығып, Алғабас және Айнакөл ауылдарының тұрғындарына қызмет жасады. Жеке кәсіпкер Валентина Андрюшкинаның айтуынша, жылжымалы дәріханалар алыс жерде орналасқан кіші ауылдарға да аптасына бір рет шығатын болады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар алдын-ала керекті дәрі-дәрмектерге тапсырыс жасауға мүмкіншіліктері бар. Мұндай игілікті істің ең басты мақсаты - ауыл тұрғындарына жасалып жатқан медициналық қызметтің сапасын жақсарту, олардың денсаулықтарын қорғау жолында жан-жақты қолдау жасау.

Дәрі-дәрмектерді ауылдарға шығып сатуды және дәріханаларды ашуды жеке кәсіпкерлер Валентина Андрюшкина, Талғат Тентекбаев және Пустовит өз мойындарына алды.

 

Сабира САҒЫНАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30