Майгүл мектепте оқып жүргенде дәрігер болуды армандайтын. Қазан орта мектебін бітірісімен Семейдің медициналық училищесіне түсіп, акушерлік мамандық алып шықты. Ол өзінің туған Жұмыскер ауылына келіп, учаскелік ауруханаға акушер болып орналасты. Акушерлік-фельдшерлік жұмыста Майгүл Жаңбырбайқызы өнегелі еңбегімен, халыққа мінсіз қызметімен көзге түсті. Ауылдық кеңестің депутаттығына сайланды, қоғамдық жұмысқа белсене қатысты.
Ол Қазан учаскелік ауруханасында жиырма жыл акушерлік қызмет атқарды. Жүздеген сәбилерді дүниеге әкелді. Қазір Майгүл он жылдан астам уақыт Ақсу қаласында жедел жәрдем станциясында фельдшерлік қызмет атқарып келеді. Тәжірибесі мол, өз ісінің шебері Майгүл Жаңбырбайқызы елдің алғысына бөленген ақ желеңді абзал жан.
Б.ӘБІЛҚАСОВА,

