Ахуал тұрақтанды

Естеріңізде болар, осыдан бір ай бұрын Екібастұз қаласында А вирустық гепатиті тіркеліп, жиырмадан астам мектеп оқушысы бірінен соң бірі жұқпалы аурулар ауруханасына түскені жөнінде еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары жарыса хабарлаған еді. Жергілікті билік пен денсаулық сақтау саласы мамандарының жағдайды шұғыл түрде бақылауға алып, тиісті іс-шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде бүгінде кеншілер қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған көрінеді.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің соңғы мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың он айында аймақта аурушаңдық көрсеткіші 100 тұрғынға шаққанда 3,6-ы құраған. Бұл көрсеткіш республика бойынша - 15,9. Өзге өңірлермен салыстырғанда да облыстағы ахуал айтарлықтай көңілге қонымды көрінеді. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, оныншы қарашаға дейін эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 4166 оқушы егілген. Бұл екпе алуға тиіс жеткіншектердің 92,4 пайызын құрап отыр. 10 қараша күніне дейін 22 адам сауығып шығарылды. Алты адам әлі стационарлық ем-дом алуда. Орын алған оқиғаға байланысты Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары шаһардың барлық 26 мектебінде арнайы тексеру жұмыстарын жүргізген. Әкімшілік шаралар қолданылмаған. Себебі тексерулер қалалық білім беру бөлімінің өз өтініші бойынша жүзеге асырылған. Ал А вирустық гепатиті тіркелген №11 мектепте тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша білім ордасының директорына 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), шаруашылық меңгерушісіне – 15 АЕК, медбикеге – 4 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Мұндай оқиғалардың алдағы уақытта орын алмауының алдын алу үшін санитарлық дәрігерлер мектеп директорларына, шаруашылық меңгерушілеріне және медбикелерге арнап, семинар өткізіпті. Мұнда мамандар мектепке санитарлық-гигиеналық тұрғыдан қойылатын талаптар жөнінде кеңінен кеңес берген. Департамент мәліметтеріне сенсек, ағымдағы айдың алтысынан бастап, кеншілер қаласында А вирустық гепатиті бойынша жаңа жағдайлар тіркелген жоқ. Дегенмен, «сақтықта қорлық жоқ» демекші, жауапты азаматтар індетке қарсы іс-шараларды әрдайым бақылауда ұстап отыр.

 

Г.МАҒЖАН.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29