Дәрі-дәрмекке деген бағаны өз қалпында сақтап қалу, сондай-ақ тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында үстіміздегі жылдың 29 қараша күні Павлодар облысының әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы аймағымыздағы фармацевтикалық мекемелермен меморандумға қол қойды. Оған сәйкес, енді алдағы бір жыл бойы 150 дәрілік препараттар, әсіресе отандық өндірістен шыққан дәрілер атқарушы билік пен фармацевтикалық кәсіпкерліктердің келісе отырып бекіткен бағасы бойынша босатылатын болады. Оның ішінде тегін кепілді медициналық көмек аясында бюджет есебінен алынатын дәрілік препараттар да бар. Ал ол тізімде көрсетілген дәрі-дәрмектің 26 түріне деген баға меморандумда белгіленген көрсеткіш деңгейінен едәуір төмен алынып отыр.
Аталмыш меморандум облыс тұрғындарын сапалы, қауіпсіз және баға тұрғысынан қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Г.АУБАНОВА,
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы.
Дәрілік заттарға бағаны тежеу туралы меморандум
Павлодар қаласы
2010 жылғы 29 қараша
1. Тараптарды айқындау.
Павлодар облысы әкімдігі тұлғасында облыс әкімінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 154-ө өкімі негізінде қызмет ететін облыс әкімінің орынбасары Ә.Ғалымова, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы тұлғасында басқарма бастығы А.Күзеков бір тараптан және дәрілік заттардың айналымы саласындағы субъектілер екінші тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында төмендегі туралы осы Меморандумды жасасты.
2. Меморандумның мәні.
2.1. Осы Меморандум дәрілік заттар бағасының өсуін тежеуге және үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыруға негіз болып табылады.
2.2. Меморандум ағымдағы жағдайдың бағасын ескере отырып, облыс тұрғындарын сапалы, қауіпсіз және бағасы бойынша қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталған.
3. Азаматтардың медициналық көмекке конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін Тараптар:
3.1. Дәрілік заттарға, оның ішінде тегін медициналық көмектердің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынатындарға бағаның өсуін тежеуге бағытталған іс-шараларды іске асыруды;
3.2. Ақпаратпен алмасу, іс-қимылды үйлестіру және келіссөздер жүргізу, кеңестерге қатысу және өзара іс-қимыл мен келісімге қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-қимылдарды қамтамасыз етеді.
4. Дәрілік заттардың айналымы саласындағы субъектілер:
Дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету және оларға бағаны тежеуге бағытталған іс-шараларды орындауды мына жолдармен:
- дәрілік заттарға, оның ішінде ТМККК шеңберінде сатып алынатындарға бағаның өсуін тежеу бойынша шетелдік және отандық өндірушілермен келіссөздер жүргізуді;
- өндірістік емес шығындарды қысқарту есебінде дәрілік заттарға үстеме бағаны азайтуды;
- халықтың осал және аз қамтылған топтары ең көп қолданатын ТМККК-не енбеген 150 дәрілік зат атауына бағаны белгілеуді (1-қосымшаға сәйкес);
- дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз етуге және оларға бағаның өсуін тежеуге бағытталған қабылданған шаралар туралы дер кезінде Министрліктің аймақтық құрылымдарына ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
5. Қорытынды ережелер.
5.1 Осы Меморандумның күші Қазақстан Республикасының заңнамасына негізделеді.
5.2 Осы Меморандум 1 жыл мерзімге жасалады және оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
5.3 Тараптар Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасына сәйкес өздеріне алған міндеттемелері үшін жауапты болады.
5.4 Меморандумды іске асыру бағасы ай сайын жүзеге асырылады. Нақты мақсаттарға жеткені туралы ақпарат келесі айдың 5-не кешіктірілмей, ал қажет болған жағдайда Министрліктің сұратуы кезінде берілуі тиіс.
5.5 Осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
5.6 Осы Меморандумның заңды күші бірдей екі тілде – мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр Тарапқа бір данадан жасалды.

