ҚОЗҒАЛЫССЫЗ ӨМІР ЖОҚ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша адам денсаулығының тек 8 -10 пайызы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысымен байланысты екен. Демек, әрбір адам өзінің саулығы үшін өзі жауапты болуға тиіс. Жалпы, денсаулық түзету әркімнің өз қолында. Ақылды адам дәрі-дәрмекке ақша жұмсамай-ақ өз денсаулығын түзейді. Бір сөзбен айтқанда салауатты өмір жолын сақтау керек.

Салауатты өмір салты дегеніміз -адамның тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білу, өзінің рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, саяси және қоғамдық өмірге белсене қатысуы. Адам денсаулығы көптеген факторларға қатысты десек те, ең алдымен, кейбір шарттардың орындалуы тиіс. Мәселен: тамақтану аурудың алдын алу, қозғалыс, шынығу, ұйқы...…

Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, денсаулықты жоғары дәрежеде ұстау үшін күніне 10 шақырым жол жүру керек екен. Жапондықтар сол көрсеткішті орындамаса, тыныш ұйықтай алмайтын сияқты. Қалтасындағы қадам өлшегіш тетігінің көрсеткіші белгіленген мөлшерге жетпесе, жұмыс соңында оны міндетті түрде жүгіріп орындауды әдетке айналдырған. Ал біз, дене тәрбиесін былай қойғанда, ішкен тағамымызды сіңіру үшін ептеп сергігіміз келмейді. Сөйтіп, «қанымыз тасыды, жүрегіміз ауырды» деп қыңқылдаймыз.

Адам органдары мен мүшелеріне күш түсіп, қозғалып тұрмаса, онда олар өз қызметін нашарлатып, біртіндеп семіп қалатынын мамандар дәлелдегені қашан. Сондықтан қозғалыссыз өмірдің жоқтығын түсінетін уақыт жетті. Қозғалыстың жеткілікті болуы ағзаның тыныс алуын, қан айналымын жақсартып, дене мүшелерінің оттегімен, қоректік заттармен жабдықталуын жақсартып, жұмыс істеу қабілетін жетілдіретіндігі белгілі. Ағзаның әрбір мүшесі белгілі бір уақытта пайда болып, қозғалыстың арқасында өсіп, жетіліп отыратындығы анық.

 

М.АЯҒАНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31