АРҚАДАҒЫ АУРУ – ҒАСЫР МӘСЕЛЕСІ

Ел арасында «жауырыным ауырады немесе белім сырқырайды» деген сөздерді жиі естиміз. Бүгінгі таңда мұндай сырқаттар, яғни, адам арқасының ауруы - ғасыр мәселесіне айналып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының деректеріне сүйенсек, әлем халқының 80 пайызы арқадағы ауру түрлерінен зардап шегуде. Тіпті, дәрігерге қаралып, уақытша жұмысқа жарамсыздық парағын ашатындардың басым бөлігін тұмау тигендер мен арқа аурулары мазалағандар құрайды екен.

Екінің бірінде кездесетін аталмыш сырқаттың пайда болу себептері мен оны емдеу жолдары жөнінде білу -барша оқырман қауым үшін маңызды. Бүгін арқадағы ауру жайлы сөз еткенді жөн көрдік. Ол туралы Павлодар қалалық №2аурухананың неврологиялық бөлімшесінің ординатор дәрігері Айнагүл Төлешқызы Аққұлова түсінік береді.

 

Ауру айтып келмейді...

Медицина саласындағы үлкен мәселенің біріадамдарда кездесетін арқа аурулары. Қазіргі күні мұндай ауру түрі халық арасында өте көп тарағандықтан, оның алдын алу үшін бүкіл қоғам болып күресуде. Тіпті, соңғы уақытта жастардың да осындай сырқаттарға тап болуы дәрігерлер қауымын алаңдатуда.

Жалпы, арқадағы аурудың пайда болу себептері өте көп. Мәселен, бір орында тапжылмай ұзақ отыру, ауыр жүк көтеру, биік өкшелі аяқ киім кию, оқыс қимыл жасау, омыртқаның зақымдануы, жауырын мен белге салқын тигізу, вибрация, бұлшық ет пен омыртқа жотасына салмақ түсіру, тағы да басқа жайттар әсер етеді. Арқа ауруларына алдымен 30-50 жас шамасындағы, яғни, еңбек жасындағы адамдар көп шалдығатындықтан, бұл-әлеуметтік-экономикалық мәселеге айналып отыр. Себебі, сырқат салдарынан аяқ-қолы балғадай азаматтардың еңбекке жарамсыз болып қалуы ықтимал.

Медицина тілімен айтсақ, неврологиялық тұрғыдан алып қарағанда арқадағы ауру «остеохондроз» деп аталады. Сондықтан арқаның негізгі тірегі омыртқа болғандықтан, мұны омыртқа ауруы десе де болады. «Остеон» латын тілінен аударғанда «сүйек», ал «хондрос»-«шеміршек» деген ұғымды білдіреді. Демек, ол-омыртқа аралық шеміршек дискілерінің сүйектік ұлпаға айналуы деген сөз. Алайда, осы сырқаттың салдарынан адамның белі, басы, аяғы, қолы, бүйрегі, өзге де ішкі ағзалары ауруға ұшырауы мүмкін. Дененің сау, мүсіннің қалыпты дамуы үшін омыртқаны үнемі жаттықтырып, қозғалысты көбейту керек. Жасыратыны жоқ, қазір көптеген адамдар теледидар мен компьютерге телміріп, ұзақ отырады. Соның салдарынан омыртқаға көп күш түседі әрі қозғалыстың аздығы кері әсерін тигізіп, ауруға әкеліп соғады. Ал омыртқа ауыратын болса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Сөйтіп, жұлын арқылы адам денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсіреп, ішкі ағзалардың барлығы ауыра бастайды. Сонымен қатар жарақат алғанда, ауыр зат көтергенде шеміршек жарылып кетеді де омыртқа арасындағы жүйке тамырлары мен қан тамырлары қысылып қалады. Осыдан кейін екі аяққа бірдей күш түсіп, шыдатпай сырқырап ауырады.

Міне, бұл аурудың адам денсаулығына тигізетін зияны көп. Сондықтан кез-келген адам күнделікті іс-әрекетіне мұқият болғаны абзал. Сөз басында атап өткендей, сырқат - дұрыс отыра алмау, оқыс қозғалып қалу сияқты сәл ғана нәрседен пайда болуы ғажап емес. Ендеше, өз мүсініңіздің сымбатты, денсаулығыңыздың мықты болуы үшін дене қалпыңызды, жүріс-тұрысыңызды бақылап, бүкіреймей, жүріп-тұруға дағдыланғаныңыз жөн. Сондай-ақ үнемі бұлшық еттеріңіз бен сіңірлеріңізді созып, керіліп, жаттығулар жасап отырсаңыз, тіптен жақсы.

 

Сырқатты емдеудің мүмкіндігі мол

Бүгінгі күні медицина ғылымының қарыштап дамуының нәтижесінде арқа ауруларын емдеуге мол мүмкіндік бар. Невропатолог дәрігерлер бұл сырқатты емдеу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Алдымен науқастарға диагностика жасалып, компьютерлік тексеруден өтеді. Содан кейін сырқатының жеңіл немесе ауыр болуына байланысты емдеу шаралары басталады.

Павлодар қалалық №2 ауруханасына осындай сырқатпен келетіндердің қатары көп. Атап өтерлігі, осында әр науқас кем дегенде он күн емделеді. Оларға тракциялық массаж, физиотерапия, арқаны қыздыру, тағы да басқа ем-шаралар жасалады. Қазір біздің ауруханада мұндай ауруларды емдеу үшін таптырмас құрал - «анатомотор» массаж үстелі қолданылуда. АҚШ-тан шыққан озық үлгідегі медициналық аппаратты қолдану арқылы науқастың ауырсыну синдромы тез арада жойылып, ұйып қалған бұлшық еттері босап, омыртқааралық дискілер мен буын арасындағы іркілу кеңейеді. Аталмыш аппараттың көмегімен арқа ауруларын емдеуге мүмкіндік мол. Алайда, арқа аурулары - созылмалы сырқат түріне жататындықтан, денсаулығы сыр берген адамдар дер кезінде дәрігерге қаралғаны жөн. Емдеуді неғұрлым ерте бастаса, аурудан айығу да соғұрлым жеңіл болады. Ал ауруханаға жатып емделуге жағдайы келіспейтіндер омыртқа, бел ауруларын басатын арнайы жақпа майлар мен гельдерді алып, пайдалануларына болады. Айта кетерлік жайт, арқадағы ауру аяққа түссе, ол - өте қауіпті. Мұның соңы адамның сал болып қалуына әкелуі мүмкін. Сол себепті осындай жағдайға тап болған азаматтар салғырттыққа салынбай, бірден ауруханаға келіп, емделулері тиіс.

Сонымен омыртқа жотаңыз дертке шалдықпасын десеңіз, мына қарапайым қағидаларды есте сақтаңыз:

• Басыңызға аласа жастық жастаңыз. Бірақ, төсегіңіз қатты болсын.

• Ауыр зат көтермеңіз.

• Омыртқа жотасын тік ұстауға әдеттеніңіз.

• Көп жаттығулар жасаумен айналысыңыз.

• Жауырыныңыз бен беліңіз ауырса, бірден дәрігерге қаралыңыз.

 

Нұржайна ШОДЫР.

 

Пікірлер  

 
+1 #2 бел, аяқ, бөксем ауырады не істесем болады? 22.01.2012 02:17
Маған көмек беріңіздерші. Өтініш. Өлуге айналдым
Цитировать
 
 
+2 #1 бел, аяқ, бөксем ауырады не істесем болады? 22.01.2012 02:13
Салеметсізбе? Менің ауырғаныма 8 жыл болды. Нақты диагноз жоқ. Бірақ белден төмен қарай барлық буыным ауырады. Қандай емі бар? Сіздер көмек бере аласыздарма?
Цитировать
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31