СҰРАҢЫЗ, ЖАУАП БЕРЕМІЗ...

Құрметті оқырман! Бұған дейін хабарлағанымыздай, сіздер үшін осы бетте «Сұраңыз, жауап береміз...» айдары қызмет көрсетеді. Медицина мамандарына қоятын сауалдарыңыз болса немесе дәрігерлік кеңес алғыларыңыз келсе, хабарласыңыздар.

Бүгін тұрғындардың сұрауы бойынша баланың тіс күтімі жөнінде әңгіме болады. Оған Павлодар қалалық балалар тіс емханасының меңгерушісі Жанат Есімова жауап береді.

 

Успен ауданының тұрғыны Айгүл:

- Мен ауылдық жерде тұрамын. Соңғы кезде баламның тісі жиі қақсап, мазасы кетуде. Тістің ауырғанын басу үшін не істеу керек? Жалпы, баланың тіс күтімі жөнінде білгім келеді?

 

- Баланың тісі ауырса, міндетті түрде тіс дәрігеріне барып, емдету керек. Себебі, ауырған тістің әсерінен өзге сау тістер бүлінуі мүмкін. Әрбір аудан орталығында балалар стоматологы жұмыс істейді.

Тіс күтіміне тоқталар болсам, ауыз қуысының сау болуының бес ережесі бар: 1) тісті күніне кем дегенде екі рет (2-3 минут) тазалап отыру керек; 2) тістің саулығы үшін дұрыс тамақтанудың әсері мол; 3) дастарқанда дәмді тамақтардан гөрі нәрлі тағамдардың көп болғанына көңіл бөлген жөн (мәселен, жеміс-жидектер мен сүттен жасалған тағамдар). Сондай-ақ балалардың тамақ ішу арасында жейтін тағамдарының құрамында қант өнімдерінің болмауына назар аудару қажет; 4) Жылына екі рет тіс дәрігеріне тексеріліп тұру керек; 5) Тісті фтор қосылған пастамен тазалаған абзал. Ал ауыз қуысын дұрыс тазалау үшін астыңғы және үстіңгі тістерді тіс щеткасымен ысып, тік-көлбеу қимылдар жасау керек.

Міне, осы қарапайым қағидаларды мұқият орындаған балалардың тісінде мәселелер туындамайды.

 

Павлодар қаласының тұрғыны Лена:

- 5 жасар баламның үш-төрт тісінде қарайған дақтар пайда болды. Оның үстіне кей тістері қисық өскен. Мұның себебі неде? Осындай тістерді емдеуге бола ма? Егер болса, бүлдіршіннің денсаулығына зиян емес пе?

 

- Тістегі қарайған дақ - «тіс жегі» деп аталады. Тіс көнегінің бактериялары тағам құрамындағы қанттардың әсерінен қышқылдар түзеді. Олар тіс кіреукесіне бойлай еніп, минералды құрам бөліктерін ерітеді. Сөйтіп, кіреуке безінде тіс жегісінің бастапқы сатысы пайда болады. Егер дер кезінде қажетті шаралар қолданылмаса, бұл үрдіс өрши береді де, бірнеше тісте тіс жегі пайда болады. Сол үшін әр адам тіс жегімен күресіп, мамандарға қаралып тұрғаны жөн. Себебі тіс аурулары адам ағзасындағы өзге де сырқаттардың қозуына себепші болуы мүмкін. Негізінен, аналар баласының тісі сау болсын десе, жүкті кездерінен бастап, яғни нәрестенің құрсақта жатқан сәтінен-ақ мән берулері керек. Сонымен қатар бірнеше тісті емдеудің еш зияны жоқ. Ал қисық өскен тістер жайлы айтар болсам, тұрақты тіс қатарында ақау болса, уақыт өткізбей ортопед дәрігерге бару керек. Ол тістегі кемшіліктердің себеп-салдарын анықтап, тиісті ем-шара қолданады.

Айдарды жүргізген - Н.АҚЫТЕГІ.

 

Сауалдарыңыз болса, 32-37-62 телефон

нөміріне хабарласыңыздар.

 

 

Пікірлер  

 
0 #4 балаға темекінің әсері 06.02.2012 23:04
ана жүкті кезде темекі тартса балаға болашақта әсері қандай және мүлдем әсер етпеуі мүмкін бе?
Цитировать
 
 
0 #3 баланың тісі 06.02.2012 23:01
баламың көп тісі құрттаған оны емдеу керек емдеген кезде ауырады ол балама қалай әсер етеді ауыртпай емдеу мүмкін бе және баланың тісі тегін емделе ме?
Цитировать
 
 
+1 #2 бала тисинин кыйсык осу себеби? 04.03.2011 09:39
бала тисинин ауру себебин кобирек жазсаныздар
Цитировать
 
 
+1 #1 Талдықорған қаласының тұрғыны 04.02.2011 22:55
Менин жасым 23-те. Тісімді жуған кезде қанайды. Оның үстіне кейбір тістерім қисық өскен, оны түзетуге бола ма? Газет бетінде осы жайында жазсаңыз...
Цитировать
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31