АУРУДЫҢ АСҚЫНЫП КЕТУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

Асқазаныңа абай бол

Диспансердегі хирургиялық бөлімшелердің дәрігерлері ішек-қарын жолы, несеп шығару жүйесі, сүт безі, әйелдер жыныс мүшелері, кеуде қуысының ісігі бар емделушілерге мамандандырылған көмек көрсетеді. Бөлімшелер қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі заман талабына сай стандарттарға және онкологияның хирургиялық емдеу әдіс-тәсілдеріне сәйкес жаңа хирургиялық технологияларды әзірлеп, қолданысқа енгізу болып табылады.

Ішек-қарын жолының ісігі онкологиялық сырқаттану құрылымының маңызды бөлігін құрайды. Олардың ішінде асқазанның қатерлі ісігі жиі кездеседі. Жыл сайын Павлодар облыстық онкологиялық диспансерде асқазан ісігінің 200-ден астам жаңа жағдайы тіркеледі. Ер азаматтар әйелдерге қарағанда 2 есе жиі ауруға шалдығады. Медициналық көмекке жүгінген емделушілердің жартысынан көбін медициналық көмекті уақытында қабылдамау себебімен сырқаттарын асқындырып жіберген науқастар саны құрайды. Ащы дәмдеуіштер, ыстық тағамдар, алкогольді сусындар, дұрыс тамақтанбау және тамақты аяғына дейін шайнамау асқазан сілекейлі қабықшасының өзгерісіне әкеледі. Асқазанның қатерлі ісігі пайда болуына әсер ететін себептердің тағы бірі – шылым шегу. Шылым шегетіндерде асқазанның қатерлі ісігіне шалдығу пайызы 2 есе көп. Ал қан аздықтың күрделі формасы бар науқастар бұл дертке 20 есе жиі шалдығады. Ісіктің дамуына асқазандағы Helicobacter pilori бактериялары себеп болатыны дәлелденді. Бұл бактериялар тағамдағы нитриттерді канцерогенді нитрозаминге айналдырады. Ерте кезеңдерде сырқат ешбір белгісіз өтеді немесе гастрит, асқазан жарасы белгілерімен жасырын түрде өтеді. Асқазан ішіндегі жайсыздық, жүрек айну, құсу, аз мөлшерде тамақтанғаннан кейін асқазанның толуы сезімі, кекіру, жұту кезіндегі ауырсыну сезімі, тәбеттің төмендеуі, дене салмағының азаю белгілері пайда болған кезде терапевт дәрігерге қаралған жөн. Аурудың алдын алу үшін құрғақ және мөлшерден тыс тамақтанудан бас тарту, көгеріп, бұзыла бастаған азық-түліктерден сақтану керек. Себебі ондағы зең афлотоксин концерогенді қосылысын бөлетін саңырауқұлақтардың бірі болуы мүмкін. Асқазанның саулығы үшін асықпай, жиі тамақтанып, тұзды және ысталған тағамдарды азайтып, ірі жасушаларға және В тобының дәруменіне бай көкөністерді, жемістерді, азық-түліктерді, сүт тағамдарын және табиғи шырындарды пайдаланған жөн.

 

Сырқат ыстық астан да пайда болады

Колоректальді қатерлі ісік термині арқылы біріктіріліп түсіндірілетін тік және шеңберлік ішектің қатерлі ісігі ас қорыту жүйесінің ісіктері арасында 2-ші орын алып отыр.

Жыл сайын облыста колоректальді ісіктер бойынша 150-ден астам жаңа жағдайлар тіркеледі. Тік ішектің қатерлі ісігі бар емделушілердің көбі - 50 жастан асқан адамдар. Колоректальді қатерлі ісіктің пайда болуына тамақтану рационында еттің жоғары мөлшерде, ал шел жасушаларының аз мөлшерде пайдаланылуы әсер етеді. Жануар майы канцероген бөлетін ішек бактерияларының өсуін тездетеді. Демек, тоқ ішектің қабынуы, Крон ауруы, дара және алуан түрлі түймешіктер, иммундық тапшылық жағдайлары ішек қатерлі ісігінің даму тәуекелін арттырады. Диагностика тікелей зерттеуді көздейді. Тік ішек арқылы тексеру жүргізу ішек қатерлі ісігінің 65-80%-ын анықтауға, ал барий қолдана отырып тоқ ішектің қарама-қарсы зерттеуі (ирригоскопия) ісіктің жайылуын, ұзақтылығын анықтауға мүмкіндік береді. Биопсия жасалатын зерттеудің эндоскопиялық әдісін (ректороманоскопия, колоноскопия) ісіктің сипатын дәлелдеу үшін міндетті түрде жүргізу қажет. Уақытылы диагностика жүргізу үшін барлық 40 жастан асқан адамдарға әрбір 3-5 жылда ректороманоскопия жасаған жөн.

Өңештің қатерлі ісігі ерте анықталады және оның уақытылы диагностикасы жасалады. Бірақ радикалды емдеуге науқастардың аздаған пайызы ғана ілігеді. Қазақстан өңеш қатерлі ісігі дамуының жоғары жиілікке ие аймағында тұр. Өңеш қатерлі ісігінің пайда болуына өте ыстық тағам мен сусындар, ұсақ сүйекті балық, сондай-ақ ағзада А, С және рибофлавин дәрумендерінің тапшылығын тудыратын көкөніс пен жемістерді жеткіліксіз мөлшерде пайдалана отырып біркелкі тамақтану ықпал етеді. Сан рет қайталанатын зиянды факторлардың ықпалы канцерогенді заттардың улы әсерін жүзеге асыру үшін жағдай жасайтын созылмалы эзофагитті туғызады және оның дамуын қолдайды. Оның белгілері: өңеш бойымен тамақтың қиын өтуі, кеудедегі ауырсыну, кеудедегі толықтылық сезімі, тамақты құсып тастау. Алғашқы кезде қою тамақтың өңеш бойымен жүріп өтуінде баяулық пайда болады. Ішкі ағзаның барлық қатерлі ісіктеріне тән жалпы белгілерінің арасында дене салмағының азаюы, жалпы әлсіздік, шаршау және қан аздық байқалады.

 

Дәрігерге дер кезінде көрінген дұрыс

Қуық безі аурулары 40 жастан асқан ер азаматтарда көптеген проблема туғызады. Қуық безінің қатерсіз гиперплазиясы жасы үлкен ер азаматтарда көп таралған өскіндердің бірі болып табылады. 60 жасқа жеткен ер азаматтардың 50%-ы осы сырқатқа шалдығады. Қуық безі аденомасының көптеген белгілері қатерлі ісік және простатит деген қуық безі ауруларының басқа екі түрін тудырады. Әдеттегі зәр шығару актісінің бұзылуы қуық безі ауруларын тудыратын белгілердің бірі болып табылады. Зәр шығару жиілігі түнгі уақытта пайда болады. Әдетте ер адамдар пайда болған қолайсыз жағдайға үйреніп, уролог дәрігердің көмегіне жүгінбейді. Ультра дыбыстық зерттеудің заманауи әдістері қуық безінің биопсиясымен бірге бір мезгілде жүргізілсе сырқаттың анықталуын біршама жақсартады. Қуық безінің қатерлі зақымдануын көрсететін онкомаркерлерді анықтау тек диагностикада ғана емес, сонымен қатар емдеу тиімділігін анықтауда қолданылады.

Өкпенің созылмалы ауруы көп таралуына байланысты ғасыр дерті болып саналады. Қазақстан халқының 43,9%-ы тыныс алу мүшелері ауруларына шалдыққан. Ең ауыр сырқаттардың бірі өкпенің қатерлі ісігі болып табылады. Тыныс алу мүшелері ауруларының пайда болуына шылым шегу, ауа бассейнінің ластануы, еңбектің жағымсыз жағдайлары, климаттық және инфекциялық факторлар әсер етеді. Қазіргі таңда шылым шегу әлеуметтік және медициналық үлкен проблемаға айналып отыр, себебі бұл зиянды әдет халықтың, оның ішінде жастардың басым бөлігін қамтиды. Темекінің түтіні өкпенің қорғаныс аппаратын бұзып, лимфа жүйелерін әлсіретеді. Темекі түтінінің құрамындағы физикалық және химиялық қосылыстар, көптеген жану заттары, ауыр металл тұздары, бензпирен, сыртқа шығарылатын түтіннің жоғары температурасы тыныс алу жолының сілекейлі қабықшасын, өңешті, бронхыны күйдіреді.

Егер сізді жөтел, демікпе, кеуде қуысының ауырсынуы, безгек, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі мазаласа, дәрігер көмегіне жүгініңіз! Өкпе ауруларын уақытылы және дұрыс анықтау үшін кең таралған диагностикалық әдістердің бірі рентгенология болып табылады. Жылына бір рет флюорографиялық зерттеу өткізу уақытылы диагноз қоюға жол береді. Дагностикалық бронхоскопия бронхтың күйін бағалау, гистологиялық, цитологиялық, бактериологиялық зерттеулер үшін материал алу мақсатында қолданылады. Бронхоскопия емдеу мақсатында кең қолданылады. Диагноз дұрыс және мерзімінде қойылса, қатерлі ісіктен сауығу мүмкіндігі бар. Өз денсаулығыңызды күтіңіз, алдын-ала тексерістерден өтіңіз, салауатты өмір салтын ұстанып, кәсіби мамандарға сеніңіз!

Ү.БОРОМБАЕВ,

жалпы онкология бөлімшесінің меңгерушісі,

В.КРАВЧУК,

кеуде қуысы бөлімшесінің меңгерушісі,

Павлодар облыстық онкологиялық диспансері.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31