ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН ҚОЛДАУ БӘСЕҢСІМЕЙДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты биылғы Жолдауында қоғамның маңызды мәселелерін шешуге баса назар аударылып,  аталған бағытта нақты мақсат-міндеттер белгіленді. Соның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты мәселелер - алдыңғы орында. Елбасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының тетігі болатын маңызды құжатта жаңа әлеуметтік саясат пен халықты жұмыспен қамтудың стратегиялық жоспарының негізгі бағыт-бағдары туралы айтып өтті.    

 Қазіргі таңда облыста мүгедектердің хал-ахуалын жақсарту ісі ескерусіз қалмай, оларға  әлеуметтік көмектің көрсетіліп жатқандығы мемлекет қамқорлығының арқасында екені сөзсіз. Президенттің Жолдауында көрсетілген әлеуметтік міндеттерге байланысты біздің облыста маңызды шаралар жүзеге асырылуда.

Жуырда облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымованың төрағалығымен мүгедектер ісі жөніндегі облыстық кеңестің отырысы болып өтті. Алқалы жиынға  қалалар мен аудандардың, сондай-ақ бірқатар облыстық басқармалардың басшылық буыны қатысты. Отырыстың күн тәртібінде мүгедектерге қатысты екі негізгі мәселе қаралды. Нақтырақ айтатын болсақ, өткен жылы облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту шараларының жүзеге асырылуы мен оларға әлеуметтік-мәдени жағдайлар жасау бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары тыңдалды.

 

Оңалту бағытындағы оң істер

2010 жылы аймағымыздағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту бағытында жүзеге асқан жұмыстардың қорытындысы туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Г.Камалова баяндады. Оның айтуынша, Павлодар облысында 27 мыңнан астам мүгедек бар. Оның екі жарым мыңнан астамын балалар құрайды. Мүгедектерді оңалту мақсатында қалалық, облыстық және республикалық емдеу мекемелері қызмет көрсетеді. Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі жандар Мойылды, Саялы (Қарағанды қаласы), Денсаулық (Шымкент қаласы) шипажайларында, сондай-ақ, облыс орталығындағы «Ардагерлер» үйінде болып, денсаулықтарын түзеді.

Сауықтыруға байланысты жоспарланған барлық шаралар облыстың салалық басқармаларымен бірлесе жүзеге асырылды. Мәселен, былтыр мүгедектердің қатысуымен көптеген спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жеті адам Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен жазғы Азиада ойындарына үстел теннисі, оқпен ату, пауэрлифтинг секілді спорт түрлері бойынша қатысты. Спортпен айналысатын мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып «Special Olympics» бағдарламасы қабылданды. Аталған команда құрамына түрлі деңгейдегі спортшылар кіреді. «Special Olympics» бағдарламасы шеңберінде 2010 жылдың наурыз айында Павлодар қаласында арнаулы түзету мектеп-интернаты оқушыларының арасында шаңғы жарысының республикалық турнирі өткізілді. Сонымен қатар, былтыр қыркүйек айында Варшава қаласында жазғы олимпиада ойындары өтіп, онда бақтарын сынаған біздің жерлестеріміз 1 алтын, 5 күміс және 1 қола медальді қанжығасына байлады.

Өткен жылы қолданыстағы заңнамаға және мұқтаждыққа сәйкес, мүгедек балалары бар отбасыларына оларды оқытып, тәрбиелеу үшін оқулықтар және қаржылай көмек  көрсетілді. Жоғары және орта арнайы оқу орындарында білім алатын мүгедек студенттердің оқуының жартылай ақысы төленді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедектердің жүрiп-тұру құралдарын алуға және әлеуметтік жәрдемақыларының төленуіне көмек көрсетеді. Жалпы, облыстық кеңестің шешімімен былтырғы жылға бекітілген мүгедектерді оңалту шаралары ойдағыдай орындалды. Қосалқы құралдарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде басқарма мүгедектер қоғамдары өкілдерінің сарапшылары мен дәрігерлік қызмет көрсетуші мамандарды үнемі шақырып отырады. Осыған орай, мемлекеттік  органдармен мүмкіндіктері шектелген барлық адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған шаралар қабылданады.

 

Қоғамдық бірлестіктер белсенді қимылдауда

Екібастұз өңірі бойынша 2011 жылдың 1 қаңтарында мүгедектер саны  4351 адамды құрады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ә.Базарбаева «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, олардың қоғамдағы тіршілік әрекеті мен ықпалдығына тең мүмкіндіктер тудыру мақсатында әлеуметтік қызметтердің барлық түрлері көрсетілетінін атап өтті.

2010 жылы мүгедектерді оңалту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 22556,8 мың теңге бөлінді. Мүгедекті әлеуметтік оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес,  2010 жыл ішінде мүгедектерге әлеуметтік қызметтер бойынша протездікортопедиялық, шипажайлы-курорттық емдеу қызметтері көрсетіліп, сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдар сатып әперілдіСондай-ақ кресло-арбалармен 21 мүгедек қамтамасыз етілді. Қалған 19 мүгедекке аталмыш құралдар биыл әперіледі. Оңалтудың жеке бағдарламасы жоқ мүгедектердің санынан 4 мүгедек біліктілігін арттыру курстарына жіберілді, 30 адам еңбекпен қамтылды. Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалардың  отбасыларына тоқсан сайын 6 АЕК мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады. 2010 жылы  159 жәрдемақы алушыға жалпы сомасы 4380,2 мың теңгеге төлем жүргізілді.

2011 жылдың 1 қаңтарына 82 жалғыз басты және жалғыз тұрып жатқан мүгедектер есепте тұр және оларға үйден қызмет көрсетіледі. «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау» бағдарламасы бойынша облыстың жоғары оқу орындары мен арнайы орта оқу орындарында оқып жатқан 24 мүгедек студентке оқу ақысын бөліп төлеу үшін облыстық бюджет қаражатының есебінен жалпы сомасы 1833,2 мың теңгеге төлем жүргізілді.

Екібастұз өңірінің үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс өзара тығыз қарым-қатынаста, қалалық әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеп, іске асыруға белсенді қатысады. Мәселен, «Павлодар облыстық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі арбадағы мүгедектерді тасымалдау, кресло-арбаларды жөндеу, мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдарды жеткізу, тифлотехникалық құралдарды жөндеу; тифло-сурдотехникалық құралдарды, Павлодар қаласынан мүгедектердің Екібастұз өңірі бойынша тұрғылықты жеріне дейін кресло-арбаларды жеткізу  қызметтерін көрсетті.

Сәулет және қала құрылысы бөлімі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, мүгедектердің тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кірме жолпандус немесе басқа да қондырғыларды орнату арқылы кедергiсiз кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге мониторинг жүргізеді. Қазіргі уақытта 106 нысанда пандус орнатылды, 2011 жыл ішінде 11 нысанда пандус орнату жоспарланғанЖыл сайын мүгедектерге мәдени-көрініс іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында, мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спорт сайыстарын өткізу қарастырылғанМүгедектер қалалық, облыстық және республикалық спорт шараларына қатысады.

2011 жылы әлеуметтік көмектің жоғарыда көрсетілген түрлері жалғасатын болады.

 

Кітапхана өз оқырмандарын тапты

Облысымыздың мәдениет мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік-мәдени сауықтыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған түрлі шаралар өткізіліп отырады. Көру қабілеті нашар мүгедектердің біліктілік, мәдени, кәсіби деңгейін арттыру үшін арнайы облыстық мамандандырылған кітапхана жұмыс істейді. Оның Екібастұз, Ақсу қаласы мен Ертіс, Успенка, Қашыр, Лебяжі аудандарында бөлімшелері бар.

Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Қанат Кәрімовтің айтуына қарағанда, қазіргі кезде кітапхана жұмысының тұрақты жүйесі қалыптасқан. Оның үш мыңнан астам оқырманы бар. Соның ішінде 1466-сы көру қабілеті нашар адамдар. Кітапхананың кітап қоры - 67 829. Мұнда жылына шамамен жиырма бес мың адамға қызмет көрсетіледі. Мекемеде көру қабілеті төмен жандарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында автоматтандырылған жұмыс орындары ұйымдастырылған. Онда пайдаланушының әрбір іс-әрекетін сөйлеу арқылы бағыттап отыратын компьютер, Брайль дисплейі, Брайль принтері мен мәтіндерді оқып бере алатын арнайы құрылғы бар. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында-ақ үш мүмкіндігі шектеулі азамат компьютерлік сауаттылыққа үйреніп, тағы біреуі Брайль әдісі арқылы оқуды меңгеруде. Өткен жылы кітапханаға қажетті оқу құралдарын сатып алу үшін 3000 мың теңге бөлінген болатын. Бұл қаражатқа 2 498 арнайы кітап алынды. Ал биыл бұл мақсатқа тағы 2,5 миллион теңге қаржы бөлу қарастырылған.

Жарымжан жандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында аталмыш кітапханада 14 үйірме жұмыс істейді. Көру, есту қабілеті нашар жандардың қатысуымен облыстық жарыстар ұйымдастыру игі дәстүрге айналды. Мысалы жыл сайын «Мен де бұл өмірдің бір бөлшегімін» атты фестиваль өткізіледі. Оған бес жүзден астам мүгедек қатысады. Облысымыздың музейлерінде балалар үйі тәрбиеленушілерінің көрмелері ұйымдастырылады. Кітапханада белсенді оқырмандардың, үйірмелер мүшелерінің, Қазақ зағиптар қоғамының құрметті ардагерлерінің мерейтойларын атап өту дәстүрге айналды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында кітапханада көптеген насихаттық іс-шаралар өтпек. Осыған орай, Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына арналған «ауған жеріндегі қасірет әлі есімде» атты шара ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, қазақ поэзиясының атасы Жамбыл Жабаевты еске алу кеші ұйымдастырылды. Наурыз мейрамына арналған «Наурыз-көктем, жыр-думан» шарасы да көпшілік қызығушылығына ие болды. Бір атап өтерлігі, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен айына екі мәрте облыстық радиодан көру қабілетінен айырылған жандарға арналған «Шамшырақ» бағдарламасы шығып тұрады.

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанынан С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана мүгедектерге кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету жұмысын жалғастыруда. Келуші мүмкіндігі шектеулі жандардың саны көбейіп, оларға арнайы қызмет көрсетудің аясында ай сайын жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылып тұрады. Қ.Кәрімовтың сөзінше, мәдени сауықтыру бағытында шешімін күткен мәселелер аз емес. Мысалы, 11 облыстық мәдениет мекемесінің сегізінде ғана арнайы пандустар бар. Ал 27 қалалық мәдениет ошағының тек бесеуінде аталмыш пандустар орнатылған. Бұл кемшілікті түзету туралы өтініштер тиісті органдарға жөнелтілген. Алайда, әлі нәтиже жоқ.

 

Біздің спортшылар ұлттық құрамада өнер көрсетеді

Бүгінгі таңда облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мүгедектерді әлеуметтік-мәдени сауықтыру жұмыстарына бей-жай қарамайтын мекемелермен, ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқарудаБұл туралы аталмыш құрылым басшысы Александр Шнейдмюллер баяндады. Облыс бойынша биылғы жылы мүгедектер спортын дамытуға жергілікті бюджеттен 13 миллион 971 мың теңге бөлінді.

Павлодар облысында мүгедек спортшылардың шеберлігін шыңдап, біліктілігін арттыруға тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ, мүгедек спортшылар да өздерінің жаттықтырушылық қызметін жемісті атқаруда. Қазақстан Республикасы бойынша спорт шеберлері Игорь Скрипин жеңіл атлетикадан шәкірт тәрбиелесе, Владимир Каплич үстел теннисінен меңгерген тәжірибесін өзге спортшылармен бөлісіп келеді. Мүгедек спортшыларға спортпен толыққанды айналысу үшін аймағымыздағы спорттық нысандарда оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп жағдай жасалған. Дене шынықтыру мен спорттың 13 түрінен 400-ге жуық адам спорт мекемелерінде үнемі жаттығады.

Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің ұлттық құрамалар дирекциясы мен спорттық резерв Комитетіндегі 34 ұлттық құрама сапында 25 павлодарлық спортшы-мүгедек өнер көрсетеді. Оларға 2010 жылдың қаңтарынан бастап ай сайын ақшалай көмек жасалуда. 2010 жылы Павлодар облысында мүгедектер спортына арналған 13 облыстық жарыс ұйымдастырылды. Баянауыл туристік базасында облыстық спартакиада ұйымдастыру дәстүрге айналып отыр. Былтырғы спартакиадаға 120 адам қатысты. Спорттың бірнеше түрінен облыстық құрама жасақталды.

Өткен жылдың 6-20 желтоқсан айларында Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен жазғы Азия параолимпиадалық ойындарына облысымыздың мүгедек спортшылары қатысты. Қаңтар айында Павлодар қаласында өткен 7-ші қысқы Азиада ойындарының Алау Эстафетасына облысымыздағы мүгедек спортшылардың ішінен Игорь Скрипин мен Владимир Каплич қатысты.

Бүгінде жедел медициналық жәрдем аураханасының неврологиялық бөлімінде мүгедектерге арналған медициналық сауықтыру бөлімі жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Ардагер» санаторийінен әлеуметтік сауықтыру орталығын ашу көзделіп отыр. Мүгедектер спортын дамытуда өзекті мәселелер де жоқ емес. Әсіресе, мүгедек жандарды спортпен шұғылдануға баулудың жолын қарастыруымыз қажет, - деп атап өтті А.Шнейдмюллер. Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының неврологиялық бөлімінде ашылған мүгедектерге арналған медициналық сауықтыру бөлімінде 10 күндік емделу курсы спортшыларға аздық етеді. Сондай-ақ, жеке дәрігер-кеңесші адам болса да артық болмайды, деді ол. Себебі, спортпен енді айналыса бастаған жандарға бағыт-бағдарды тек сол мамандар ғана көрсете алады.

 

Оқыту бағдарламасы жалғасуда

Ақсу қаласы мен оған қарасты ауылдық аймақтарда барлық деңгейдегі мүгедектер саны 1918 адамды құрайды. Бұл - Ақсу аймағы тұрғындарының 2,8 пайызы. Жас ерекшеліктеріне қатысты топтағы мүгедектердің 41,4 пайызы еңбекке жарамды жастағы азаматтар қатарында. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың басқа тұрғындармен тең өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар оларға әлеуметтік және материалдық көмек көрсету шараларын жүзеге асыруда. Аталмыш оңалту шараларын мүгедектер ісі жөніндегі қалалық кеңес үйлестіреді.

Қала әкімінің орынбасары Ержан Рақымжанов шаһардағы медициналық-әлеуметтік, экспертизалық аймақтық органдардың мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес көптеген азаматтарға көмек көрсетілді. Атап айтсақ, өткен жылы бұл бағытта есту қабілеті нашар 33 мүгедек тіл маманының көмегіне, орналасу бойынша қиындық көрген І топтағы 23 адам жеке қамқоршының көмегіне жүгінді. Сондай-ақ, 123 мүмкіндігі шектеулі жан міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Аталған көмек түрлеріне қалалық бюджеттен 8587 мың теңге бөлінді.

Үстіміздегі жылы бюджеттік бағдарламаларға сәйкес 10000 мың теңге бөлу қарастырылған. Мүгедектердің әлеуметтік оңалту шараларының нәтижелерін жоғарылату мақсатында Ақсу қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне қарасты арнайы бөлімдер жұмыс істейді.        Мүгедек балаларды тәрбиелеп және білім беріп жатқан 69 отбасыға 69 АЕК көлемінде жалпы сомасы 2012,4 мың теңгеге тоқсан сайынғы жәрдемақы төленген. 11 мүгедек студент облыс бюджеті бөлген қаражат бойынша жоғары және арнаулы оқу орындарында білім алуда. Сонымен қатар демалыс пен сауығуды қажет ететін мүгедектерді қысқа мерзімге республиканың және облыстың сауықтыру мекемелеріне жіберу ісі де жүзеге асырылуда. Өткен жылы түрлі топтағы 120 мүгедек шипажайларда сауықтырылды.

Ақсу қаласының екі мектебі мен бір ауылдық мектебінде 35 балаға негізделген түзеу сыныптары ашылып, жұмыс істеуде. Қаладағы 2 мектепте логопедтік пункттер ашылған. Сондай-ақ, «Балалар шығармашылығы үйі» мемлекеттік мекемесі базасында «Балалардың әлеуметтік бейімделу» орталығы жұмыс істеуде. Қарт адамдар мен мүгедектерге арналған интернат үйі және мүгедектердің облыстық және республикалық қоғамдық ұйымдарының 3 филиалы өз жұмыстарын жүзеге асыруда. 2010 жылдың 4-15 қазан аралығында қалалық музейде 17 мүгедектің қатысуымен «Алтын қолдар» атты көрме өтті. Мүгедек бала тәрбиелеп жатқан 35 отбасыға ауыл шаруашылығы өнімдерін беру арқылы материалдық көмек жасалды. Жалпы орта  білім беру бағдарламасы бойынша үй жағдайында білім алып жатқан 6 балаға компьютерлік техника сатып алынды. Үстіміздегі жылы 76 мүгедек бала мен 18 жасқа дейінгі жас азаматқа арнайы қызмет түрлері көрсетіледі.

 

Қоғамдық шаралармен қамтылды

Май ауданы әкімінің орынбасары Айтуған Шайхымов өткен жылы мүгедектерді сауықтыру шараларын іске асыру қорытындысы туралы айтып берді. Май ауданында қазіргі таңда  501 мүмкіндігі шектеулі азамат өмір сүруде. Медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша былтыр 41 мүгедекке жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес көмек көрсетілген. Бес мүгедек жалпы орта білім алу мүмкіндігіне ие болды. Өткен жылы шипажайлық сауықтыруға 38 жолдама берілді, оған 30 мүгедек және соғыс ардагерлеріне теңестірілген 8 азамат ие болды. Ал 10 мүгедек бала үйінде әлеуметтік қызметпен қамтылды. Аудан бойынша жалғызбасты 8 мүгедекке 5652 теңге көлемінде және тоқсан сайын коммуналдық қызметті өтеу мақсатында 2826 теңгеден қаражат бөлінді.

Май ауданы Семей ядролық сынағы жасалған аймаққа жататындықтан, оның сынағынан зардапқа ұшыраған мүгедектер назардан тыс қалмауда. 17 соғыс ардагеріне теңестірілген азаматқа коммуналдық қызметтер төлемін өтеу мақсатына ай сайын 2826 теңгеден, тоқсан сайын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1413 теңгеден, облыс орталығында медициналық тексеруден өту үшін әрқайсысына 1413 теңгеден материалдық көмек көрсетілді.      Сонымен қатар, ауыр сырқатқа ұшыраған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да қамқорлық жасалуда. Аудан бойынша 31 мүгедек «Саялы» (Карағанды), және «Ардагерлер үйі» (Павлодар) шипажайларында сауықтырылды. 14 көмекке мұқтаж жанға әртүрлі жасанды ортопедиялық көмек көрсетілді.

Ауданда үй жағдайында білім алатын 10 бала тоқсан сайын 281 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып тұрады. Сонымен қатар, 6 жалғызбасты мүгедек көмекші қызметімен қамтылған.  Өлкеде қайырымдылықпен айналысатын «Жанашыр» қайырымдылық қоры сырқат мүгедектер мен мүгедек балаларға арналған қайырымдылық акцияларды үнемі өткізіп тұрады.  2010-2014 оқу жылы ауданның 14 орта білім беретін мектебінде «Мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедек балаларды әлеуметтік және психологиялық-медициналық-педагогикалық қамқорлыққа алу жөніндегі» мемлекеттік бағдарлама аясында мүгедек балаларды оқу-тәрбиемен қамту жұмыстары ұйымдастырылып тұрады.

Май ауданында 2005 жылдан бері психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жұмыс істеуде. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің негізгі қызметі мүгедек балалармен түзету-дамытушылық жұмысты жүзеге асыруға бағытталды. 2009-2010 оқу жылы түзету мекемесі есебіндегі үйде оқытылатын 5 балаға компьютер берілді. Кабинеттің материалдық–техникалық базасын нығайту бойынша Жапония елінің демеушілігімен БҰҰ-ның Семей бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік жоба қорғалды. Нәтижесінде түзету кабинетінің мамандары 4,5 мың АҚШ доллар көлеміндегі грантты иеленіп, ол қаражатқа балаларға арналған сенсорлық бөлме жабдықталды.

Мүгедектің өзін толыққанды азамат ре­тінде сезінуі маңызды. Бұл оның өмірге деген сенімін арттырады. Бұл үшін өзге сау азаматтардан оқшауланбай, солардың ортасында жұмыс істеп, қоғам өміріне белсене араласуы тиіс екені сөзсіз. Сол себепті, мүгедек азаматтар аудан көлемінде жүргізілетін шараларға үнемі тартылуда. Әсіресе, олар спорт шараларына белсенді қатысады.  2010 жылдың шілде айында Май ауданының мүгедек спортшылары облыстық спартакиадада командалық 3 орынға қол жеткізді. Ал қыркүйек айында аудан намысын қорғаған мүгедек спортшылар ҚР чемпионатына қатысып, үстел теннисінен І, ІІ орын иегері атанды. Осы жылдың маусым айында Май ауданында мүгедек спортшылар арасында Павлодар облысының чемпионатын өткізу жоспарлануда.

Былтыр маусым айында аудандық мәдениет үйінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Біз бақытты баламыз» атты сурет байқауы өткізілді. Ақшиман ауылында да сурет салу сайысы өткізілді. Саты мәдениет үйінде «Жанашыр болу – парыз» атты мүгедектерге қамқорлық көрсету акциясы өтті. Осындай іс шаралар биылғы жылы да жалғасын табады.

 

Пікірлер  

 
0 #1 мен мүгедектердің емделетін жерін іздеймінАселхан 02.05.2012 17:48
Саламатсызба? мен Мұратқасымова Аселхан емделетін орындардың мекен жайлары болса немесе оқитын жерлер болса
Цитировать
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30