ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ – ЖАУАПТЫ ІС дейді успенкалық дәрігерлер

 

Елімізде халықтың денсаулығын жақсартуға ерекше мән берілуде. Осы бағытта көптеген іс-шаралар қолға алынып, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетілуде. Мемлекет тарапынан ұсынылған мұндай қолдауға успенкалық тұрғындар да ие болып отыр.

Он төрт мыңнан астам халқы бар Успенка ауданында қазір 50 орынға арналған орталық аурухана, 3 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункт және Константинов ауылында 10 орынға арналған шағын аурухана жұмыс істейді.

Былтыр еліміздің денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында енгізілген ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында 3 мыңға жуық тұрғынға 73 млн.теңгеге стационарлық көмек көрсетілген. Қуантарлығы, биыл да успенкалықтарға медициналық көмек көрсетуге қомақты қаржы бөлінген. Сондай-ақ, өткен жылдың екінші жартысынан бастап ауданда бюро госпитализациялау порталы жұмыс істеп келеді. Соның арқасында 272 тұрғын Павлодар қаласындағы заманауи клиникаларға барып, денсаулықтарын жақсартып келген. Ал квота бойынша 6 бала Астана мен Алматы қаласындағы тәжірибелі мамандардан көмек алған. Аудандағы орталық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, халық денсаулығын жақсартуға байланысты медициналық көмектің жүйелі жүзеге асқандығының нәтижесінде өңірде жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлім көрсеткіші соңғы бір-екі жылда едәуір төмендеген.

Ауданда ана мен бала денсаулығына да айрықша назар аударылуда. Осыған орай, былтыр жүктіліктің алғашқы 12 аптасына дейін тұрғылықты мекенжайы бойынша орналасқан емдеу мекемесіне есепке тұрған 120 болашақ анаға өмірге сау ұрпақ әкелуге деген құштарлығы үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы төленген. Бұл үрдіс биыл да жалғасуда. Сонымен қатар, жасанды тамақтанатын 1 жасқа дейінгі балаларға да көмек көрсетілуде. Осы мақсатта үстіміздегі жыл басынан бері жергілікті бюджеттен 1,3 млн.теңге көлемінде қаржы жұмсалған.

Өңір тұрғындарының салауатты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін орталық аурухана дәрігерлерінің мұрындық болуымен көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, аталмыш емдеу мекемесінің ақ желеңді абзал жандары ауылдарды аралап, ондағы тұрғындарға қажетті медициналық көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған. Аталған көмек түрі былтырғы жылы ауылдар мен ауылдық округтерде тұратын 4 мыңға жуық тұрғынға көрсетілген. Тағы бір айта кетерлігі, аудан халқына сапалы медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан да білікті мамандар жиі шақырылып тұрады екен.

Жалпы, Успенка аудандық денсаулық сақтау саласында қолға алынған игі істер көп. Жыл сайын мамандар қатары да толығып келеді. Соңғы үш жылда ауданға 7 жас дәрігер келген, ал осы жылы гинеколог, анестезиолог, онколог, хирург мамандығын игерген   4 дәрігер келеді деп күтілуде. Ауданға қарасты ауруханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың материалдық-техникалық базасы да ойдағыдай. Барлық дәрігерлік амбулаторияларда телефон байланысы бар. Алдыңғы жылы мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде орталық аурухана мен Константин ауылындағы аурухана ғимаратына  5,7 млн. теңге көлеміндегі қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал осы жылы облыстық бюджет қаражаты арқылы орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Н.ШОДЫР.  

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31