Павлодарда «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық (КДЗ) желісінің аймақтық зертханасы ашылды. Ең ірі жекеменшік, тәуелсіз «ОЛИМП» Қазақстан нарығында зертханалық диагностика саласында төрт жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде зертхана жүргізген жоғары деңгейдегі зерттеулерге 100 мыңнан астам адам куә болды. «ОЛИМП» КДЗ құрудағы мақсат – елдегі медициналық зерттеу сапасын әлемдік стандарттарға дейін арттыру, диагностика саласында инновациялық технологияларды енгізу, дәлдік медицина жүйесін жетілдіру.
«ОЛИМП» зертханасында болған уақыттың алғашқы секундтарынан-ақ оның танымал және маңызды ұйым екеніне көзіңіз жетеді. Стерильді тазалық, жайлы интерьер, ең озық құрал-жабдықтар, әдепті және мейірімді қызметкерлер – міне, бұл зертхананың мінсіз имиджінің бірнеше құрамдас бөлігі.
- «ОЛИМП» КДЗ негізгі артықшылықтарының бірі – бұл жеделдік, - деп бастады зертхана залынан экскурсияны павлодарлық зертхананың меңгерушісі Людмила Перевертова. – Ең күрделі анализдердің қорытындылары осы жерде бір күн ішінде дайындалады. Егер пациенттер емхана мен ауруханаларда қалқанша без гормондарына қан тапсырса, оның қорытындысын бірнеше күн, кейде бір аптаға дейін күтсе, «ОЛИМП»-те бұл анализ бірнеше сағаттың ішінде жасалады.
Осы жерде барлық зерттеу үдерістері толығымен автоматтандырылған. Лаборант тек қан құйылған шыны түтікті аппаратқа қояды да, қажетті бағдарламаны қосады, ал машина өздігінен қажетті анализді жүргізеді (қанды реактивтермен араластырады, егер қажет болса, материалды қыздырады немесе салқындатады және т.с.с.) және қорытындысын компьютерге жібереді. Адамдық фактордың болмауы зерттеудің жоғары дәлдігіне кепіл береді және қолмен жасалатын манипуляцияларға байланысты жіберілетін қателіктерге жол бермейді. Сонымен қатар, зерттеу жүргізілетін бірегей құрал-жабдықпен анализ қорытындыларының нақтылығы тағы да шартталған.
- Біздің зертханада орнатылған барлық құрал-жабдықтар зерттеу саласында қолданылатын үздік стандарт болып табылады, – дейді «ОЛИМП» КДЗ «МЫРЗА-ХАН» ЖШС директоры Ерлан Сүлейменов. – Бұл тестердің кең диапазонды және жоғары деңгейдегі сезімталдылықты толық автоматтандырылған жүйелер.
«Roche» (Германия) компания өндірісінің автоматикалық анализаторларының толық паркі «ОЛИМП» КДЗ-ның басты мақтанышы болып табылады. Жоғары технологиялық аппараттар қанның биохимиялық, иммунохимиялық анализдерімен қатар бір уақытта: кардиоқауіпті, бауырды тексеруді, анемия және диабеттің диагностикасын, ревмобағдарлы және т.б. бағдарлы зерттеулерді жасайды. «Roche» анализаторлары бүкіл әлемде эталонды болып саналады. Егер де қандайда бір даулы жағдай туып жатса, (мысалға, пациент бір зертханадан бір қорытынды алса, ал екіншісінен басқа қорытынды алса), онда осы дауды шешу үшін дәл осы «Roche» өндірген реагенттер мен анализаторларды реагенттер мен анализаторлардың эталоны деп қабылданады.
- Павлодар қаласының әртүрлі аудандарында орналасқан біздің екі ем-шара кабинетіміз бар. Бұл сапалы зертханалық диагностика көрсетуді тікелей пациентке едәуір жақындата түседі, - деп жалғастырды бірегей зертхана бойынша біздің экскурсияны Людмила Переветова. – Қан алу бір реттік инемен «Vacutainer» типті арнайы вакуумдық жүйеге жүргізіледі. Шприцтермен біз мүлдем жұмыс істемейміз. Міне, қараңыз – жіңішке бір реттік инеге арнайы адаптер бір реттік вакуумдық шыны түтікке киіледі.
«ОЛИМП»-тің қарапайым зертханалардан артықшылығы осындағы барлық аспаптар (оның ішінде шыны түтікше де) бір реттік, бір адамға ғана есептелген. Әрине, вакуумды жабық вакутейнерлерді қолдану максималды түрде клиент үшін және қызметкерлер үшін де ыңғайлы, сондай-ақ пациент қанының қоршаған ортамен байланысы айтарлықтай қауіпсіз. Осының барлығы - пациент пен қызметкерді қорғаудың 100 пайыздық кепілі.
Айтпақшы, қызметкерлер туралы. «ОЛИМП» КДЗ-да зертханалық диагностика саласында тәжірибесі мол жоғары мамандандырылған бірыңғай кәсіби мамандар жұмыс істейді. «ОЛИМП»-ке орналасу үшін барлық қызметкер көп сатылы әрі айтарлықтай қатаң іріктеуден өтті.
- Біздің қызметкерлер анализ қорытындыларын алғаннан кейін пациентке міндетті түрде сол немесе басқа да мамандарға қаралуға кеңес береді,- деп «ОЛИМП» КДЗ «МЫРЗА-ХАН» ЖШС директорының орынбасары Алексей Балась атап өтті.
- Сонымен қатар, пациент зертхана консультантынан телефон арқылы қандай да бір ауру кезінде, осы немесе басқа жағдайда немесе алдын алу мақсатында оларға қандай анализдер тапсыру керектігі туралы алдын ала біле алады.
Ал «ОЛИМП» КДЗ-да медициналық анализдердің түрі – 500-ден астам! Ғылымда белгілі барлық қанның биохимиялық зерттеулері, онкомаркерлер, гормондық зерттеулер, жұқпалы аурулардың маркерлері, жыныс мүшелерінің жұқпаларына және нақты уақыт тәртібіндегі гепатиттерге ПЦР-диагностика және аллергодиагностика.
- Павлодарда көптеген анализдер тек қана бізде жасалады, - дейді Алексей Балась. – Мысал ретінде қанның биохимиялық зерттеулері панелінде осындай бірегей тестер бар. Біз жасайтын жаңа анализдерді кейбір дәрігерлердің өзі де білмеуі мүмкін! Алайда, біз осындай анализдердің түрлерін Қазақстан нарығында белсенді түрде алға жылжытудамыз, өйткені бұл белгілі бір аурулардың алдын алуды жүргізу немесе қандай да бір ауруларды және олардың бағытын бақылау үшін БДҰ ұсынған зерттеулер әлемдік тәжірибе және жалпыға бірдей мойындалған зерттеулер. «ОЛИМП» КДЗ-ның әрбір зертханалық зерттеу бөлігінде Павлодар үшін жаңа әрі бірегей тестер бар. Және олар клиницист-дәрігерлер үшін де, өз денсаулығын күте білетін пациенттер үшін де ақпараттық және қызықты болатыны сөзсіз.
Сонымен, «ОЛИМП»-те онкомаркерлердің ең кең панелі, яғни онкологияның клиникалық белгілері білінгенге дейін бұл жағдайды диагностикалауға және қауіпті ісіктерді мұқият іздеуге дәрігерді бағыттайтын тестер ұсынылған. Онкомаркерлердің басқа бағыты – онкологиялық сырқатқа тап болған әрі сәйкесінше емделуі тиіс пациенттерді тексеру. Мұндай жағдайларда онкомаркерлер пациентте аурудың қайталануның бар-жоғын бақылауға мүмкіндік береді.
Зертханада жүргізілетін биохимиялық зерттеу панелінің арасында қан жүйесін зерттеуге бағытталған, оның ішінде анемиямен, темірді сіңірудің бұзылуымен байланысты әртүрлі жағдайға бағытталған көп тестер бар. Өздеріңізге белгілі, бұл біздің аймақ үшін өте өзекті.
- «ОЛИМП» КДЗ қызметкерлері жаңа бағытты - анемияны диагностикалауды жасап, енгізді, - дейді Алексей Балась. – Бізде науқастардың дәл осы топтарына арналған тестердің ең кең спектрі бар, сонымен бірге кешенді зерттеу анемияның тіпті ең сирек себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Бізде алмастыру бұзылыстары бойынша, яғни бауыр ауытқулары, бүйрек сырқаттары, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезінде зерттеудің толық панелі бар. Біз холестериннің барлық түрлерін зерттейміз, атеросклероздың, инфарктың және инсульттің алғашқы белгілері болып табылатын жағдайларды көрсететін алмастыру көрсеткіштерін анықтаймыз.
Сонымен қатар зертханада остеопорозды (сүйек ұлпаларының тозуымен, зақымдалуымен байланысты, сыныққа және сүйектің деформациясына жетелейтін ауруларды) анықтайтын зерттеулерді жүргізеді. Сүйек ұлпаларының алмасу маркерлері 50 жастан асқан әйелдер үшін және мысалы, сүйектің жұмсару сырқатына шалдыққан адамдарға пайдалы болады. Сонымен қатар, бұл тестер кішкентай жастағы балаларда мешел ауруын ерте диагностикалау үшін пайдаланылады.
«ОЛИМП» КДЗ-да гормондар диагностикасының қолда бар ең толық панелі көрсетіледі, яғни қалқанша безінің гормондарының ең көп тараған анализдерінен бастап, жыныстық гормондардың, бүйрек және ұйқы безінің гормондарымен аяқталады.
«ОЛИМП» қызметкерлерінің жасаған диабет диагностикасы да өте қызықты. Неғұрлым көп тараған эндокриндік ауру ретінде диабетке зертханада кешенді тәсілдер ұйымдастырылған: мұнда диабетті диагностикалау үшін қолданылатын биохимиялық көрсеткіштер зерттеледі, инсулин, С-пептид сияқты және басқа да маңызды гормоналды тестер жүргізіледі.
«ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертхана қызметінің бағыттарының бірі – бұл ПҰР (полимераздық ұласпалы реакция), бұл бүгінгі күні инфекциялық ауруларды, нақтырақ айтсақ, жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларды анықтауда айтарлықтай маңызды болып табылады. Мұнда қолданылатын бірегей технология – нақты уақыт тәртібіндегі ПҰР пайдалану - «ОЛИМП» зертханасындағы диагностиканың ерекшелігі болып табылады. Бұл - бүгінгі күні зерттеудің ең нақты және сенімді тәсілі.
«ОЛИМП» КДЗ-ның ПҰР-зерттеулері Қазақстан көлемінде жалғыз ғана саналатын «Rotor-Gene 6000» (Германия өндірісі) алты каналдық анализаторында жасалады. Әртүрлі бес қоздырғышқа бір сәтте детекция жүргізе алу мүмкіндігі бұл құралдың бірегей ерекшеліктері болып табылады! Дәл осындай мүмкіндіктер әзірше Қазақстанда қолданыстағы өзге зертханалардың бірінде де жоқ.
Сонымен қатар, «ОЛИМП» - бұл барлық технологиялық үдерістерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін зертханалық ақпараттық жүйесімен (ЗАЖ) жабдықталған Қазақстандағы жалғыз зертхана. Зертханаға түсетін кез келген шыны түтіктің жеке штрих-коды бар, ол әрбір пациентке беріледі. Сондықтан анализдердің ауысып кету қаупі жоқ. Сондай-ақ дәл осы жүйе зерттеудің нәтижелерін мұрағаттауға, қандай да бір көрсеткіштердің динамикалық өзгеруін бағалауға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде дәрігерлер үшін нақты диагноз қоюға және дұрыс емдеу тәсілдерін таңдауға қосымша жәрдем болып табылады.
«ОЛИМП» зертханасы жабдықталған ЗАЖ, шынымен де, Қазақстан үшін бірегей жоба, - деп атап көрсетті Алексей Балась. – Біз зертханалардың алғашқысы болып барлық үдерістердің автоматтандырылуын ретке келтірдік, тіпті анализдердің нәтижелерін клиентке жеткізуге дейін автоматтандырылған. ЗАЖ анализатордан тікелей ақпарат алуға және оны тапсырыс берушінің электрондық поштасына автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің клиенттер нәтижелерді өзге де қолайлы жолдармен, яғни курьерлік жеткізу, факс, телефон арқылы ала алады. Әрине, дәрігердің қолы мен мөрмен расталған, яғни заңды күші бар нәтиженің бланкын тек қана тікелей түрде зертханадан алуға болады.
«ОЛИМП»-тің тағы бір бірегей ерекшелігі – ем-шара бригадасының пациентке бару мүмкіндігі. Демек, егер пациент қандай да бір себептермен ем-шара кабинетіне келе алмайтын болса, онда бригаданы үйіне, кеңсеге немесе кез келген басқа көрсетілген мекенжайға шақыра алады. Мамандар келеді, қан алады және оны зертханаға алып кетеді.
«ОЛИМП»-те барлық жастағы, кішкентай баладан бастап, қаусаған қарттық жастағы адамдар зерттеуден өте алады. Әрбір жас топтарына арналып мұнда норманың және одан ауытқу көрсеткіштерімен өзіндік нормативтер жасалған.
- Біз нәтиженің өзін және зерттеу жүргізілетін анализаторға сәйкес норма шектерін міндетті түрде көрсетеміз, - дейді Алексей Балась. - Өйткені аппаратураға байланысты норманың шектері біраз өзгеше болады. Ескі аппараттарда немесе қолмен жасалатын әдістемелер арқылы алынған нәтижелермен жұмыс істеп үйреніп қалған дәрігерлер бұл нормаларды байқай алмауы мүмкін, сондықтан нәтижелермен бірге біз жеке бағанада нормативтерді белгілеп қоямыз. Нәтижелерге дәрігер-зертханашының түсіндірмесі қоса беріледі, онда пациентте қандай көрсеткіштер жоғары екені, қандай көрсеткіштер төмен екені түсіндіріледі және т.б.
Ал енді жаңа зертхананың баға саясатына келетін болсақ, «ОЛИМП» айтарлықтай қолжетімді орташа нарықтық баға ұсынады. Мұндағы зертханалық қызметтердің құны ақталады және зерттеудің күрделілігіне байланысты болады. Орташа есеппен ең қарапайым анализдер 400 теңгеден басталып, күрделіліктің жоғары деңгейлі зерттеулері бірнеше мың аралығында болады.
- Бүгінгі күні «ОЛИМП» КДЗ Павлодар облысынан басқа Қазақстанның сегіз облысында – Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қостанайда бар. Бұл өңірлерде біз көрсететін ақылы қызметтерден басқа Астанада, Қарағандыда, Ақтөбеде, Өскеменде және Павлодарда зертханалық зерттеулер бойынша мемлекеттік тапсырыстың бір бөлігін өз мойнымызға алдық, - деп атап көрсетті ОЛИМП» КДЗ «МЫРЗА-ХАН» ЖШС директоры Ерлан Сүлейменов. – Мемлекеттік зертханаларда жасалмайтын анализдер енді бізде жасалады, онымен қоса бұл қызмет пациентке тегін көрсетіледі, себебі зертханамен мемлекет есептеседі. Сонымен қатар, біз ем-шара кабинеттерін аудандық орталықтарда, аудандық ауруханалар мен емханаларда да ашып жатырмыз. Тек Ақмола облысында біз он ем-шара кабинетін аштық. Енді ауылдық тұрғындар қалаға сабылмай сапалы зертханалық тексерістен өту мүмкіндігіне ие. Біз мемлекеттік тапсырыс бойынша өзіміздің қызметтерімізді Қазақстанның барлық аймақтарында ұсынатын боламыз және барлық облыстардың тұрғындарының біздің қызметтерімізді бюджет есебінен тегін алуларына тырысатын боламыз.
Әрине, тұрғындарға мұндай маңызды медициналық қызметтерді мемлекеттің «ОЛИМП» зертханасына сеніп тапсыруы көп нәрсені аңғартса керек. Аталмыш медициналық мекеменің маңыздылығы әрі танымалдылығы ешбір күдік тудырмайды! Оған өзіміздің де көзіміз жетті, және медициналық қызметтің жоғары сапасы Астана тұрғындарына ғана емес, бұдан былай аудандық орталықтарда қолжетімді болғанына қуандық.
«ОЛИМП» КДЗ Сіздерді келесі мекенжайларда орналасқан ем-шара кабинеттерінде күтеді:
- «ОЛИМП» КДЗ: Ломов к-сі, 49 (№1 қалалық аурухананың сыртында), тел.: 34-01-01, 34-03-03.
- «ProFi.Med» медициналық орталығы: Крупская к-сі, 71, тел.: 32-76-20, 55-64-20, 55-90-74.

