Дәрігерлер қауымы құрметке бөленді

Бұрнағы күні Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты кеш болып өтті. Оған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысып, аймақтың ақ желеңділерін айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына сүбелі үлес қосқан бірқатар білікті дәрігерлерге сый-құрмет көрсетілді.

 

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен орайлас келіп отырған салтанатты шараға жиналған қауым алдымен облыстың денсаулық сақтау саласында қол жеткен жетістіктермен таныс болды. Бұл ретте Елбасының тапсырмасы бойынша іске қосылған жылжымалы медицина кешені біздің өңірде өз жұмысын ойдағыдай орындап, шалғай елді мекендердегі тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, Ақтоғай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Зәуре Байділдаеваның айтуынша, жылжымалы тіс емдеу кешені өңірдегі 540 баланың тісін тексеріп, емдеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, 270 ауылдық әйел маммографиялық тексеруден өткен. Ал Шарбақты ауданының 26 елді мекенінен төрт мыңға жуық адам жылжымалы медициналық қызметке қол жеткізген екен. Аталған игі іс өзге өңірлерде де жалғасын табуда.

Дәрігерлер қауымының құрметіне арналған салтанатты жиын шымылдығы аймақтың денсаулық сақтау саласынан сыр шертетін арнайы бейнекөрсетіліммен ашылды. Бұдан соң облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев сөз алып, медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. «Ең қастерлі мамандық иелері - медицина қызметкерлері. Бұл өмірде адам денсаулығынан қымбат ешбір құндылық жоқ. Сондықтан да, қоғам үшін адамзаттың жанына араша түсіп, өмірін сақтап қалу жолында аянбай тер төгіп жүрген ақ желеңділердің алар орны бөлек. Бүгінгі күні медицина саласының алдында зор міндеттер мен келелі істер тұр. Денсаулығы мықты халықтың келешегі де кемел болары хақ. Осы жолда елеулі еңбек етіп жатқан барша дәрігер қауымына алғыс айта отырып, баянды бақыт тілеймін», - деді. Сондай-ақ, Елбасымыз жүктеген міндеттерге де тоқталып, денсаулық сақтау саласындағы кешенді жұмыстарды бұдан да жетілдіру керектігін тілге тиек етті.

Салтанатты шарада аймақ басшысы денсаулық сақтау саласына қосқан қомақты үлесі үшін еңбек ардагері Төкен Қайырбековті «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттады.  Сонымен қатар, бірқатар білікті дәрігерлер облыс әкімінің және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталды. Ал облыс бойынша «ең үздік медициналық мекеме» деген атқа Павлодар қалалық №2, Екібастұз қалалық №2 және Шарбақты аудандық орталық ауруханалары ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды. Аталмыш мекемелерге бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Шара соңы облысқа танымал өнер жұлдыздарының мерекелік ән шашуына ұласты.

Нұржайна ШОДЫР.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30