Халыққа қызмет ету – өмірлік борышым

Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау саласын алға бастыруда іргелі міндеттер тұр. Ардың жүгін арқалаған ақ желеңді мамандар сенімді ақтауға ұмтылуда. Ісіне адал, алдына барған адамға бойындағы күш-жігерін аямай, көмек беріп жүргендердің бірі – А.Шөпбаева. Айгүл Ахметқызы - Ақсу қалалық емханасы терапевтік бөлімінің меңгерушісі. Дертіне шипа іздеп келушілердің оған, оның дәрігерлік қызметіне деген ризашылығы мол.

Облыстың Ертіс ауданында дүниеге келген ол орта мектепті тәмамдаған соң Семей медицина институтына оқуға барған. Онда «емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алып, облыстық ауруханада тәжірибе жинақтаған. 1985 жылы жолдамамен Ақсу қалалық ауруханасына терапевт-дәрігер болып қызметке орналасады.

- Отбасымызда дәрігер болған жан жоқ. Бірақ, мені бала кезден бастап осы мамандық қызықтырды. Өзім туып-өскен Панфилов ауылында Қатима Сұлтанова, Николай Молчанов, Төлеген Мұсабеков сынды көпшіліктің ыстық ықыласын иеленген қажырлы мамандар еңбек етті. Кейін олардың ізін басуды жөн деп таптым, - дейді өз сөзінде А.Шөпбаева.

Біршама жылдар бойы Айгүл Ахметқызы науқастарды учаскелік терапевт ретінде қабылдады. Кейін тәжірибесі молайып, бөлім меңгерушілігіне көтерілді. Қазір емханадағы терапевтердің жұмысын үйлестірумен айналысады. Мұнда барлығы                      13 учаскелік дәрігер бар.

Ақсу қалалық емханасы Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынды. Мұнда ауысымына 500 науқасты қабылдауға мүмкіндік бар. Екінші бөлігінде балаларға жеке медициналық қызметтер көрсетіледі. Емхана толығымен заманауи үлгідегі диагностикалық аппараттармен жабдықталған, соның нәтижесінде диагнозды дәл анықтай алады. Бұл емдеуді кешіктірмей әрі сапалы жүргізуге жол ашады. Емханада                     30 науқас ем алатын күндізгі стационар бөлімі де бар. Келгеніне көп бола қоймаса да, бас дәрігері Қайырлы Қабыловтың емханаға қаралуға келгендерге қолайлы мүмкіндіктер жасауға құлшына кіріскені көрініп тұр.

Қызмет сапасының деңгейін арттыру мақсатында мұндағы дәрігерлер біліктілікті жетілдіруге жете мән береді. А.Шөпбаева жақында Семей мемлекеттік медициналық академиясы Павлодар филиалында терапияның өзекті мәселелері бойынша арнайы оқудан өтті. «Дәрігерлерге мерзім сайын оқуға барып, білімін жетілдіріп, тәжірибесін байытып отырмасқа болмайды», - дейді ол. Отбасында жұбайы, тіс дәрігері-хирург С.Тыныбековпен бірге Архат, Айнұр есімді ұл-қызды өсіріп, оларға өнегелі тәрбие беруде.

Өз қызметіне әрдайым сергек қарайтын жоғары білікті терапевт-дәрігер Айгүл Ахметқызының әлі де халықтан алар алғысы мол.

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30