Елбасы халыққа Жолдауында тұрғындарды емдеумен қатар сауықтыру шараларына да баса көңіл бөлу керектігін тапсырған болатын. Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламасы қанат жайды. Бағдарлама аясында көптеген отандық медицина мекемелерінде тұрғындарды сауықтыруға және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған түрлі шаралар қолға алынуда. Мұндай игі іс Павлодар қалалық №2 ауруханада да жалғасын табуда. Осы бағытта аталмыш аурухананың ішінде ашылған физиотерапия бөлімшесінің мамандары науқастардың сауығуы үшін сапалы қызмет көрсетуде.
Тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрлері жөнінде қалалық №2 аурухананың физиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау саласының үздігі Сәуле Халиуллақызы Оразғалиевамен тілдескен едік.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 28 маусымдағы номерінен оқи аласыз)

