ЕМДІК ӨСІМДІКТЕР

 

Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда.

«Емші» өсімдіктер адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбеюуіне қарай, адам осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Уақыт өте келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Басқаша айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты.

Айта кететін бір жай – қазақ халқы дәрмене жусанды емдеу үшін пайдалануын ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені, дәрмене жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы пайдаланған. Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы шөп ретінде, жоғары бағаланған. Себебі дәрмене жусан Қазақстанның оңтүстігінен басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс көп болған.

Халық медицинасы арқылы дәрілік шөптердің тізімінің ішінде атақты женьшень өсімдігімен таласа алатын бірден-бір өсімдік – қызғылт семізот (радиола розовая). Халық оны «алтын тамыр» деп те атап кеткен. Алтайдың халықтық медицинасында «алтын тамыр» адамның жұмыс қабілетін арттыратын дәрі ретінде пайдаланылып келді.

Кейінгі жылдары ғалымдар алтын тамырдың құрамындағы экстрактың ағзаның (организм) дене жұмысына шыдамдылығын арттыратынын, жүрек жүйесін жақсартып, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етіп, қан қысымының реттелуіне көмегін тигізетіндігін анықтады.

Қазақстан бойынша семізот тұқымдасының он бір түрі кездеседі. Оның ішінде жалғыз қызғылт семізот түрінің ғана шипалық қасиеті бар. Бұл өсімдік Алтай, Тарбағатай және Жоңғар тауларының біраз жерінде ғана өседі. Кейінгі жылдардағы зерттеу жұмыстары мен экспедициялық және далалық практика кезіндегі бақылау жұмыстары бұл өсімдіктің өсу аймағы едәуір тарылып кеткенін көрсетіп отыр. Жергілікті жерлерде алтын тамырды жинаушылар көбейіп кеткен. Өкініштісі, кейбіреулер бұл тамаша өсімдікті пайданың көзі етіп алған. Мұндай жүйесіз жинаудан табиғатқа да, адамға да келер пайда жоқ. Қызғылт семізоттан жасалынған дәріні орнымен пайдаланбаса, ол кейбір адамдардың қан қысымын арттырып жібереді. Бұдан қайғылы жағдайға ұшырау қиын емес.

 Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп – мақсыр немесе марал тамыр (рапонтик). Бұл да - шипалы өсімдіктер тізіміне халықтық медицина арқылы енген өсімдік. Алтайлықтар көктем кезінде бұл өсімдікті маралдар тұяғымен қазып, тамыр сабағын жейтіндігін байқаған, осыдан «марал тамыр», «марал шөп» деп атап кеткен. Мақсырды халық ертеден бері «алтын тамыр» және женьшень сияқты әл беретін дәрі ретінде пайдаланып келді. Халық медицинасында пайдаланылғаны жөнінде алғашқы дерек 1897 жылдан белгілі. Осы жылы Сібірді зерттеуші, белгілі ғалым Г.Потанин император географиялық қоғамының тапсырмасы бойынша Моңғолияның солтүстік батысына саяхат жасаған.

 

 

ЕСТІМЕГЕН ЕЛДЕ КӨП

Кірпінің өті көп ауруға ем көрінеді. Кірпінің өтін жарты литр суда қайнатып, суытып, күніне таңертең, кешке бір ас қасықтан ішіп жүрсе, талма ауруын жоғалтады. Ал қанын ыстықтай бетке сүртсе, секпіл мен қара дақты кетіреді. Бойына шыр бітпей жүрген адам оның етін пісіріп жесе семіреді. Ол сондай-ақ өкпе туберкулезіне ем.

 

 

ҚАЛТЫЛДАҚ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ЖОЛЫ БАР

Қоянның қанын жылыдай бетке түскен секпіл мен қара даққа жақса, ізі де қалдырмайды. Етін пісіріп жесе, өкпе ауруына шипа. Қалтылдақ ауруына ұшыраған адам қоянның миын пісіріп жеп жүрсе, сырқатынан тез сауығуына көмектеседі. Қоянның ішкі майын жас баланың ала-құла шыққан тісінің қызыл етіне үйкеп, ауық-ауық жағып отырса, бала тісі біркелкі болып тез өседі. Ал қоянның сыпырып алған жас терісін бала көтермей жүрген әйел 2-3 сағат беліне тартып байлап жүрсе ұрық жүретін жолдардың қабынуын жазады.

 

ҚҰМЫРСҚА ТҰНБАСЫН ЖАСАП КӨРІҢІЗ

Құмырсқа тұнбасын суықтағанда, тұмауратқанда, ревматизммен ауырғанда терлеу үшін пайдаланады. Оны дайындау да өте оңай. Бөтелкеге жартысына келетіндей етіп құмырсқа саласыз. Үстінен толтыра спирт құясыз. Арақ болса да болады. Оны бірнеше күнге жылы жерге қоясыз. Бұл тұнбаны күніне үш мезгіл 20-60 тамшыдан ішіп тұру керек. Немесе осы тұнбаға дәкені батырып алып, ауырған жерге басуға болады.

Материалдар интернет беттерінен алынды.

 

Пікірлер  

 
-1 #3 Аяк ауруы 17.02.2012 00:28
Салем!!!! аяк сыркырап аурганда не истеуге болады???? жауап ушин алдын ала рахмет!!!
Цитировать
 
 
0 #2 Аяк ауруы 17.02.2012 00:28
Салем!!!! аяк сыркырап аурганда не истеуге болады???? жауап ушин алдын ала рахмет!!!
Цитировать
 
 
+1 #1 естімеген елде көп 09.01.2011 01:58
ассалаумалейкум ! осы кірпінің өті деген көмектеседі дегенге қаншалықты сенуге болады?біреулерге көмектескен бе еді? жауабтарыңызға алдын ала рахмет!
Цитировать
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28 29 30 31