АБЗАЛ ЖАНДАРҒА АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ

 

     2010 жылдың 18 маусымында 73 жасқа қараған шағында аяулы анамыз Қаббасова Көкен Қалиқызы дүниеден өтті. Осыдан 33 жыл бұрын өмірлік жолдасынан қапыда айырылып қалған анамыз ұлардай шулап 10 баламен тағдырдың қатал сынына түссе де мойымады. Өзінің қайрат-жігерінің арқасында өмірдің асау толқынымен арпалыса жүріп, балапандарын тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай, аялады, өсірді, оқытты, ұлын ұяға, қызын қияға қондырды.
     Біз анамыз сырқаттанып жатқанда көмек қолын созып, барынша қолдау жасаған, жаны жайсаң азаматтарға өз ризашылығымызды білдіргіміз келеді.
     - Анамыздың сауығып кетуіне бар күш-жігерлерін салған 1-ші қалалық аурухананың реанимация бөлімінің дәрігері, онестизиолог-реаниматор Қасымов Нұрлан Қабытайұлына, кардиология бөлімінің ұжымына және АСКО-Грант клиникасының терапевт-дәрігері Марченко Светлана Александровнаға айтар алғысымыз шексіз.
     «Мені өз еліме, Қашыр ауданына жеткізіңдер»- дегені - анамыздың соңғы тілегі екен. Искаков емханасының бас дәрігері Ақылбек Мүбаракұлы бірден жағдайды түсініп, өз көліктерімен, дәрігерлерімен анамызды туған еліне жедел жеткізді. Осы мекеменің басшыларына және реаниматолог-дәрігері Чистов Евгений Александровичке, жүргізуші Александрға зор ризашылығымызды білдіреміз.
     Барлық дәрігерлерге, медбикелерге еңбектеріңіз жемісті болсын деп тілейміз. Бақытты да қуанышты күндеріңіз көп, қайғылы күндеріңіз жоқ болсын! Аллаһ тағала разы болсын!

ҚАББАСОВТАР әулеті.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28 29 30 31