АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

 

     Павлодар облысының санитарлық қызметі облыс тұрғындары арасында паразитарлық аурулардың алдын алу шараларын үнемі жүргізіп келеді. Ағымдағы жылдың алты айлық мерзімінде тұрғындар арасында терінің паразитарлық сырқат белгілері көптеп байқалды. Паразитарлық тері ауруы, дерматомикоз көп жағдайда 14 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Осындай ауруға шалдыққандар саны – 35 адам. Аталмыш тері ауруы белгілерімен медициналық көмекке 45 адам  жүгінген екен.

     Дерматомикоз – саңырауқұлақ-паразиттердің теріге түсуі салдарынан пайда болатын тері ауруы. Адам терісіне паразиттер адамдар және ауру жануарлардан (қаңғып жүрген мысықтар, иттер, т.б.) жұғуы мүмкін. Терісіне түскен паразит заттар эпидермис, шаш, тырнақтар және ішкі органдарға еніп, ауру тудырады. Балаларда кездесетін бұл ауру микроскопия және трихофития деп аталады.

     Тұрғындар арасында тері дертін алдын алу мақсатында жеке бас гигиенасын сақтаумен қатар, үй жануарларына үнемі ветеринарлық бақылау жасап, вакцинацияны уақытында жүргізген жөн. Егер де адам ағзасында клиникалық белгілер байқала бастаса, тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеге көрінген жөн.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік

санитарлық-эпидимиологиялық

қадағалау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28 29 30 31