Әйел қауымының өмірдегі міндеттерінің бірі - дүниеге нәресте әкелу, яғни дені сау, баланың балғын шағын, балдай тәтті, балдаурен өмірді сыйлау. Ал баланың дүниеге сау болып келуі тікелей сәбидің ата-анасына байланысты.
Босану үш кезеңге бөлінеді: жатыр мойнының ашылу кезеңі; бала туылу кезеңі; бала жолдасының бөліну кезеңі. Жатыр мойнының ашылу кезеңінде босанудың басы ұдайы болатын толғақпен (жатырдың жиырылуы) сипатталады, бұл жағдай жатыр мойнының ашылуына және баланың туылу жолдары бойынша қозғалуына ықпал етеді. Әрбір толғақпен жатырмойнының өзегі көбірек ашылады. Толғақтың ықпалымен ұрықтың басы кіші жамбас шеңберіне қарай ойысады. Бұның нәтижесінде ұрық жаны сулар: алдыңғы және артқы болып екіге бөлінеді. Қабықшалардың төменгі бөлігі алдыңғы және артқы болып екіге бөлінеді. Қабықшалардың төменгі бөлігі алдыңғы сулармен бірігіп сына сияқты зат құрайды, бұл сына жатыр мойны өзегіне енеді де, мойынның ашылуына ықпал етіп, жатыр мойны әрбір толғақ сайын аша түседі. Мойын ашылуының аяғына қарай қабықшалар айрылады да, сулар төгіледі. Босанудың бірінші кезеңі осымен аяқталады. Бала туылу кезеңінде жатырдың жиырылуына құрсақ қабырғасының күшенуі деп аталатын жиырылу қосылады. Босанатын әйел аз уақытқа тынысын бөгейді, мұның нәтижесінде көк ет тығыздалады және сол сәтте ішті кернейді. Мұның нәтижесінде іштегі қысым көтеріліп жатырға, содан кейін балаға жетеді. Сөйтіп, нәресте туылу кезеңінде екі күштің - жатырдың жиырылу күшінің және күшенудің әсерінде болады. Толғақ аяқталғанда қысым азаяды және күшену тоқтайды. Үзіліс орнаған кезінде әйел демалады. Толғақ қайта басталуымен күшену де қайталанады. Екінші кезең баланың туылуымен аяқталады. Баланың жолдасы түскеннен кейін туу процесі тәмамдалады.
Туылысымен анасының кеудесіне жатқызылған нәресте анасымен бірге босандыру бөлмесінде екі сағаттай жатады. Осы кезде анасының бойындағы микрофлораны қабылдап, оған бейімделеді. Сонымен қатар анасының кеудесіне сүт жинала бастайды. Нәрестеде инстингі дами түседі. Нәрестесі қасында болғандықтан, анасы да алаңсыз, онымен өзінше тілдеседі, емізеді, күтім жасайды. Осылайша, ана мен бала арасындағы қарым–қатынастың негізі қалыптаса бастайды.
Үйге келгеннен кейін нәресте жатқан бөлмеге әркімді кіргізбеген жөн. Бөлмені жылы әрі таза ұстау керек. Нәрестенің бетінен сүюге болмайды. Жанына жақын баратын анасының да, әкесінің де қолдары, киімдері таза болғаны жөн. Баланың жаялықтары, іш киімдері таза және міндетті түрде үтіктелуі тиіс. Босанған ананың ауыр жұмыс жасауына, қатты ренжуіне болмайды. Бала қырқынан шыққанша, яғни 40 күн бойы жақсы күтім жасалған ана өз-өзіне келіп, тез ширайды.
О.ШАЛАБАЕВА.

