ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК

 

     Зиянды әдеттер жүктілік кезінде өте қауіпті екенін білеміз. Әсіресе, алкоголь ұрыққа аса зиянды әсер етеді. Зиянды зат адам ағзасына плацента арқылы өтіп, ұрықтың қанына түседі де, оның улануына және жеткілікті тамақтанбауына әкеліп соғады. Және әртүрлі органдардың жұмысын бұзады, өйткені эмбрионның немесе ұрықтың бауыры әлі алкоголь әсеріне қарсы тұра алмайтын жағдайда болады. Маскүнемдіктен зардап шеккен әйелдерден туған нәресте басқа сәбилерге қарағанда басқаша дамиды және физиологиялық өзгешеліктері айқын байқалады. Оның бойы қысқа, салмағы аз, бас көлемі шағын болып келеді. Бұндай балаларда құрсақтағы кезеңнің өзінде  алкогольді тәуелділік дамып, ағзасының дамуында әртүрлі кемістіктер байқалады. Балаға дене бітімінің кеш қалыптасуы және ой санасының дамуы артта қалу қаупі төнеді.

     Темекі шегу – ең зиянды әдеттердің бірі. Ол жүйкені қоздыратын уға жатады. Темекі түтінінде 30–дан астам улы заттар бар. Темекі шегілген, желдетілмеген үйжайда никотин көп мөлшерде шоғырланады. Егер де отбасының бір мүшесі темекі шексе, оның зияны үйдегі балаға әсер етіп, жедел вирустық инфекция және демікпе ауруларына жиі ұшырайды.

    Адам ағзасына өте зиянды заттардың бірі - шылымдағы никотин гипоксия ауруын туғызып, ұрыққа зиянды әсер етеді. Біріншіден, болашақ баланың миы зардап шегеді, бұл жағдай ой тапшылығына, психомоторлық даму бұзылыстарына және баланың ағзасы әр түрлі ауруларға қарсы тұруының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.

     Болашақ аналарға демікпенің пайда болуының қауіп-қатер факторларын есте сақтаған жөн. Олар: тұқымқуалаушылық, респираторлық – вирустық аурулар, бала бар жерде темекі шегу; жасанды тамақтарға ерте көшіру. Сонымен қатар, үй жағдайы шаңға, өсімдік тозаңына, азық-түліктерге, дәрі-дәрмектік препараттарға, жануарлар жүніне, аэрозольдарға, сиыр иісіне және басқа нәрселерге аллергия да тууы мүмкін. Сондықтан әр болашақ ана жүктілік кезінде зиянды әдеттерден аулақ болуы тиіс.

     Таза ауада серуендеу жүктілік кезінде үлкен рөл атқарады, өйткені ол әйелдің көңіл- күйінің жақсаруына әсер етеді. Болашақ ана жүктілік кезінде қарапайым гимнастикалық жаттығуларды жасаса, бұл астың жақсы қортылуына себеп болады.  

Меруерт ӘБДІРАХМАНОВА.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28 29 30 31