Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше мән беріліп келе жатқан басымдықтардың бірі - денсаулық сақтау саласын жетілдіру. Соның дәлеліндей, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа ауруханалар мен емханалар бой көтеріп, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Халық денсаулығы үшін жасалып жатқан осынау игі шараның шарапатын павлодарлықтар да көруде. Айталық, соңғы үш-төрт жылдың ішінде аймағымызда ондаған медициналық мекемелер салынып, пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда Павлодар қаласына қарасты Ленин кенті мен Кенжекөл ауылында, Қашыр ауданының Песчан елді мекенінде дәрігерлік амбулаториялардың, ал Баянауыл ауданының орталығында емхананың құрылысы салынуда екен. Атап өтерлігі, бұл жаңа нысандардың барлығы үстіміздегі жылдың соңына дейін тапсырылады деп жоспарлануда.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 4 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

