Елімізде Үкімет бекіткен 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша көптеген игі істер атқарылуда. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуға және халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыра отырып, аурулар көрсеткішін төмендету, сонымен қатар денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыруға ықпал етуде.
Облыста өткен жылдың қыркүйек айынан бастап неврологиялық бөлім жұмыс істейді. Оның құрамында 155 оңалту төсек орын қоры және жедел медициналық жәрдем ауруханасының 40 орындық бөлімі бар. Аталмыш бөлім тірек-қимыл қызметі, жұлын жүйесі зақымданған сырқаттардың барлық қажеттіліктерін өтей алмаған. Сондықтан, жедел жәрдем ауруханасының бұрынғы терапевтік бөлімі қайта жөнделіп, мамандандырылған неврологиялық бөлімге айналды. Неврологиялық ауруларды оңалту бағытында жұмыс істейтін аталған құрылымның тұсаукесер рәсіміне Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова қатысты.
А.ӘДІЛБЕК.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 10 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

