Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE MicrosoftInternetExplorer4 /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

Өткен сенбіде Павлодар облысының жұртшылығы «Денсаулық – 2011» фестивалін атап өтті. «Дене шынықтыру белсенділігі және спорт – ұлт денсаулығының кепілі» деген ұранмен өткен шараға жиналғандар бұқаралық жүгіру шарасына қатысты. Фестивальде студенттер мен оқушылар, облыстық басқармалар мен медицина саласының өкілдері, ардагерлер, өңіріміздегі кәсіпорындардың қызметкерлері белсенділік танытты. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев та жұртшылықпен белгіленген қашықтықты бірге бағындырды.
Фестивальге қатысуға ниет білдіргендердің қарасы қалың. Павлодар қаласының орталық алаңына үш мыңнан аса адам жиналса, қала бойынша жеті мыңға жуық павлодарлық түрлі спорттық шараларға атсалысты. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Тұңғышбай Баймахановтың айтуынша, фестиваль осымен он екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 13 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

