ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

“Денсаулық» пойызы - Ақсуда

        Елбасы Н:Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қолдауымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының бірлескен «Денсаулық» пойызы 19 тамыз күні Ақсу қаласына келді. Басты мақсат – шалғайдағы ауыл тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек көрсету. «Денсаулық пойызы» әр станцияда екі тәуліктей қызмет атақарады. Шілде айының алғашқы күндері Астана қаласынан сапарға аттанған бұл пойыз 23 станцияда тоқтап, барлығы 9 мың адамды медициналық бақылаудан өткізді. Ақсу қаласындағы станция 24-ші болды.
       Пойызда амбулаториялық операцияларды жүргізуге, толық медициналық тексеріс жасауға жан-жақты жағдай жасалған. Мұнда еліміздің 17 білікті дәрігері қызмет жасауға тартылған. Терапевт, хирург, кардиолог, тіс дәрігері, невропатолог, окулист, уролог сияқты мамандар кеңес береді.
       Ақсу - 2 станциясында «Денсаулық» пойызын қала әкімі Оразгелді Қайыргелдинов және Павлодар облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагерлері Әби Сарқыншақов, облысқа белгілі адамдар Евгений Азаров, Аманжол Әубәкіров, Павлодар облысының құрметті азаматы Борис Исаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Тәжібай Шаймерденов тағы басқалар қарсы алды. Ақсу қаласының әкімі О.Қайыргелдинов өз сөзінде «Денсаулық» пойызы қызметкерлерінің жасап жатқан игі істеріне сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді. Қала әкімі медициналық пойыз бастығы Гауһар Чубаеваға құттықтау хат табыс етті. Павлодар облысының Құрметті азаматы, Әби Сарқыншақов, Павлодар жол бөлімі «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы филиалының директоры Ерік Жидилов қайырымдылық акцияға қатысушылардың игі істеріне сәттілік тіледі.
       Станцияда жиналған жұртшылық алдында сөз сөйлеген медициналық пойыз бастығы Гауһар Чубаева, бас дәрігері Сырым Ашғали қайырымдылық акциясының мақсаты туралы баяндап берді.
       «Денсаулық» пойызының дәрігерлері келушілерді қабылдауға кірісті. Медициналық қызмет соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, балаларғ көрсетілді. Жалпы, алғашқы күні дәрігерлердің қарауынан 539 адам өтті. Екінші күнге 400-ден астам адам кезекке жазылды. Сөйтіп «Денсаулық» пойызы ақсулықтарға толық медициналық бақылаудан өту үшін жан-жақты жағдай жасады. Үкімет тарапынан халықтың денсаулығын қорғау жолында жасалып жатқан осындай игі шараға келушілердің ризашылығы шексіз болды.

Сәбира САҒЫНАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30 31