«ДЕНСАУЛЫҚ» ПОЙЫЗЫ ҚАЛҚАМАНДА

      Республикалық «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының қолдауымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының бірлескен «Денсаулық» пойызы Қалқаман ауылының тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті.
     Мерекеге сай безендірілген Павлодар темір жолы, Қалқаман станциясының алаңына жиналған ауыл тұрғындары қонақтарды шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
      Аталмыш шараға мәслихат хатшысы Мәдениет Омарғалиев, «Нұр Отан» ХДП-ның Ақсу филиалы төрағасының бірінші орынбасары Орынбасар Қайырбекова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұқан Арынов, «Нұр Отан» ХДП-ның Ақсу қалалық филиалы бақылау комиссиясының төрағасы Александр Прохоров, Ақсу қалалық мәслихатының депутаты Абылай Бейсембаев қатысты.
      Мәслихат хатшысы медициналық пойызды басқарып келген Гауһар Чубаеваға және дәрігерлер ұжымына алғыс білдіріп, сәттілік тіледі. Гауһар Чубаева мен бас дәрігер Сырым Ашғали қайырымдылық акциясының мақсат-міндеттеріне тоқталды. Митингтен кейін жиналған жұрт мәдени сауық орталығы қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Сондай-ақ, сауда-саттық ұйымдастырылып, балаларға арналған көңілді алаң жұмыс істеді. Бұл күні шамамен 150-ден астам адам медициналық тексеруден өтіп, арнайы кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Ақбота СЕЙСЕНБАЕВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30