Елбасымыз жыл сайынғы халыққа Жолдауында медициналық қызметтер сапасын жақсартуға, жоғары технологиялы денсаулық сақтау саласы жүйесін дамытуға қатысты бірқатар міндеттер жүктеді.
Әрине, медициналық қызметтер сапасы арттыру көптеген себептерге тікелей байланысты. Оның ішінде медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуын, кәсібилік деңгейді және оны жоғарылату үшін мамандарды ынталандыруды ерекше атауға болады. Денсаулық сақтау басқармасының жоспарлы әрі мақсатты жұмыстарының арқасында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілді, медициналық көмек сапасын қамтамасыз етуге бағытталған медициналық қызметтерді қаржыландыру және төлеу жүйелері енгізілуде.
Бұл орайда Елбасының медициналық қызмет сапасын арттыру турасындағы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында Павлодар қалалық №1 емхана ағымдағы айда жалпы құны 8 797 000 теңге тұратын жаңа заманауи құрал-жабдық алынды. Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасы қолдау жасады. Сондай-ақ жалпы құны 11 миллион теңге тұратын 12Ф7 жоғары қабілетті «Актюбрентген» ірі суретті флюроаппарат сатып алынды. Ауруға шалдығу қаупі жоғары тұрғындарға флюорографиялық тексеру жүргізуге арналған бұл қондырғы - отандық өнім. Жұмсалған қаражаттың бір бөлігі емхананың өз есебінен шығарылса, бір бөлігі медициналық бағытталған қаржы.
Тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жақсарту мақсатында үстіміздегі жылдың екінші жартысынан бастап оңалту және қалпына келтіре емдеу бөлімшесі ашылды. Науқастарға аталмыш бөлімшеде массаж, электремдеу, жарықпен емдеу, импульстік ток, әртүрлі терапия, лазерлік терапия жасалады.
Қалпына келтіре емдеу бағытындағы жаңа әрі тиімді тәсіл - механотерапия. Бұл - әдіс емхананың ауыз толтыра айтатын терапия түрі. Емдеу денешынықтыру тәсілдерінің бірі саналатын бұл әдіс кезінде науқастарды қазіргі заманғы медициналық оңалту тәсілдерімен және құралдарымен бірге кешенді түрде әртүрлі құрылғылардың көмегі пайдаланылады. Науқастарды кешенді емдеу нәтижесінде қозғалу аппаратының функционалдық қабілеті, бұлшықет тонусы, буындардағы қозғалыс амплитудасы қалпына келеді және әртүрлі жарақаттардан, сырқаттардан кейін тіреу-қозғалыс аппараттарының қозғалысы пайда болады. Павлодар қаласының №1 емханасы қалпына келтіру бөлімшесін ашқаннан кейін сапалы медициналық қызмет тізімін кеңейтуді көздеп отыр.
Емханаға келуші науқастардың жүріп-тұруына қолайлы болуы үшін қысқа мерзімде лифт сатып алынды және жөнделді. Айта кету керек, бұл лифт соңғы бірнеше жыл істен шыққан болатын. Бұрындары науқастар ауыр сырқаттарымен, әртүрлі жарақаттарымен жоғарғы қабаттарға жаяу қиындықпен көтерілетін еді. Енді жағдай басқаша.
Осылайша, тұрғындар денсаулығына бағытталған шаралар, жаңа технологиялар енгізу нәтижесінде ғана медициналық қызметтер көрсету сапасы жақсармақ.
Павлодар қалалық №1 емханасының баспасөз орталығы.

