ҒАЛАМТОРДА - ҚАЗАҚ КҮЙЛЕРІ!

 

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра», - деп ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, қасиетті қара домбыраның шанағынан төгілген күйдің сиқырлы күмбір үнінде қазақтың бүкіл болмысы жатыр. Осы баға жетпес қазынамыз – күйдің насихаттаушысы әлі де болса тапшы. Бүгінгі таңда әр адам өз үйінде отырып-ақ ғаламтордан бәрін табады. Дегенмен, осы интернет әлемін шарлаған адамдар қазақтың небір құдіретті күйін табуы екіталай. Музыкалық сайттардың көпшілігінде халыққа танылған сазгерлердің күйлері жеке-жеке беріліп жүр. Бұрын күйсүйер қауым радиолардан аз тыңдап, теледидардан сирек көретін күйшілерін енді интернет арқылы қалаған уақытында тыңдай алады. Жаңадан ашылған www.kui.kz сайтының материалдары – музыка мамандарына, мұғалімдерге, студенттер мен оқушыларға таптырмас көмекші құрал.

Халық Құрманғазы, Сейтек, Дәулеткерей, Дина, Мәмен, Тәттімбет, Қазанғап, Абыл, Әлшекей және басқа күй алыптарының күйлерін интернет арқылы тыңдап, сусындай алады. Осы тұрғыдан алғанда күй сайтының ашылуы игілікті іс болып отыр. Сайттың негізгі мақсаты халқымыздың баға жетпес қазынасы, ата-баба мұрасы – күйді насихаттау болып табылады. Өнерсүйер қауымның рухани қажеттіліктерін өтейтін сайттағы күйлер мейіріңізді қандырады, сондай-ақ мұнда орналастырылған «Күй дария» хабарында күй аңыздары мен тарихына терең тоқталуға зор мүмкіндік бар. Сайтты құрушылар онда орналастырылған күйлерді өз отандастарымызбен қатар шет елдерде тұратын қандастарымыздың тарапынан да жылы қабылданатындығына сенімді. 

Айбатыр СЕЙТАҚ, ақын-журналист,

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31