Өнер ошағы жаңа маусымын ашпақ

Аймағымыздағы қазақ өнерінің қара шаңырағы саналатын Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры ертең өзінің кезекті 21 маусымын ашпақшы. Сондай-ақ, тамаша қойылымдар мен танымдық спектальдерді сахналап жүрген өнер ордасы 7-желтоқсан күні театрдың 20 жылдық мерейтойын атап өтуді жоспарлап отыр. Көптеген республикалық, халықаралық фестивальдардың жүлдегері болған өнер ошағы биылда өз көрермендерін тамаша туындылармен сусындатып, жүректерін баурап алмақ. Қазақстандағы қазақ театрларының ішінде репертуары мол өнер ошағы саналатын Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры биыл күрделі жөндеуден өтіп, түрлене түсті.

 

Осыдан жиырма жыл бұрын есігін айқара ашқан театр бүгінде қазақ өнеріне өз қолтаңбасын қалдырған белді өнер ошақтарының бірі саналады. «Театрдың қиын қыстау кезеңдерді артта қалдырып, аяқтан тұрып кетуіне Әшірбек Сығай, Кәукен Кенжетаев секілді тұлғалар ақыл-кеңестерін жеткізіп, театрдың өнер айдынында кең құлаш сермеуіне септігін тигізді. Сонымен қатар Даниал Ахметов, Әби Сарқыншақов, Мұхит Омаров, Ерлан Арын, Айым Қанафина, және №10,35 мектептің ұжымдары да өнер ошағының өркен жаюына ерекше ықпал жасады»,- деп еске алады театрдың режиссері Ерсайын Тәпенов. Атымтай жомарт ағалардың арқасында қазақ өнерін аспандатқан театр былтырғы маусымда көрермендерін тамаша қойылымдармен сусындатты. Бұл ретте Д.Исабековтің «Мұрагерлер», «Әпке», «Ескі үйдегі кездесу» қойылымдары көпшіліктің көңілінен шықты. Еркін Жуасбектің «Үйлену» спектаклі де жұртшылықтың жүрегінен орын тапты. Театр ұжымы сонымен қатар И.Кальманнің «Мистер икс» қойылымын сахналап, жаңа қырынан көріне білді. Басты рөлдерді Бейбіт Шәнім мен Кенже Қарымсақов сомдаған «Сыған серенадасы» да ерекше сезімге толы болды. «Алдағы келе жатқан мерейтойға Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» спектаклін қоюды жоспарлап отырмыз. Бұл туынды асқан шеберлікті талап етеді. Себебі, әншілігі мен актерлігі қабысқан тұлға ғана образды сомдай алады»,- деді Е.Тәпенов өз сөзінде. Режиссер «Біржан-Сара» спектаклін қою үшін Астана опера театрынан балетмейстер шақырғандарын алға тартты. Сондай-ақ, театрдың режиссері Е.Тәпенов әртістерді ән сабағынан дайындауға әнші Шахимардан Әбіловпен келіссөз жүргізіп жатқандығын жеткізді. Театр директоры Мұхтар Манап болса өнер ошағындағы күрмеуі шешілмеген мәселелерді тілге тиек етті. Оның айтуынша кадр мәселесі әлі күнге дейін оң шешімін таппай келеді. «Театрға көптеген жас өнерпаздар келеді. Алайда, үш-төрт жылдан кейін көбі баспана мен қаражат мәселесі шешілмегендіктен кетіп қалады. - дейді директор. Өнер ошағының режиссері Е.Тәпенов: «Облыс көлемінде театр өнеріне баулитын факультеттер ашуды алға қою керек»,- деді өз сөзінде. Сондай-ақ, басқа облыстың өнерпаздарын емес, театр өнеріне жергілікті жастарды көптеп тартуды алға қоюымыз керек дейді.

 

 

Облыстағы қазақ өнерінің қара шаңырағы саналатын өнер ордасының өз көрермендері бар. Театр ұжымы биыл да сүйікті көрермендерін тың туындылармен қуантпақ ойда.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31