ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ОЙ САЛДЫ

Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрының өнер ұжымы кезекті премьералық қойылымын тарту етті. Бұл жолы көрермен қауымға Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» спектаклі ұсынылды. Сахналанған спектакльдің қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Нұрқанат Жақыпбай, суретші-декораторы – Рысбек Стыбаев. Аталмыш жаңа қойылымды театрдың шығармашылық ұжымы бір ай ішінде дайындаған екен. Басты рольдерді ҚР еңбек сіңірген әртісі Р.Тәжібаева, ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаттары Р.Нығманов, Қ.Мұсанова, ҚР Мәдениет қайраткерлері Б.Шәнім, М.Байжұманов, Д.Ұябай және театр әртісі А.Таспаева сомдады.
Қойылым сюжеті қазіргі өмірмен тығыз байланысты. Оқиға желісі көрермен қауымға табанды еңбек пен маңдай тер арқылы табылатын нанның ғана дәмі тәтті болатыны туралы ой салады. Сонымен қатар, спектакльдегі басты тұлғалар – өз өмірінің барлық қиындықтарына төтеп беріп, адал еңбек еткен Ерік пен тағдыр тәлкегіне шыдай алмай, ішімдікке салынып кеткен Таған арқылы толғауы тоқсан тарау адамзат тіршілігінің мәңгілік мәселелері көтеріледі. Қойылымның кейіпкерлері көремендерді  өмірдің небір қиындықтарын   жеңе білуге және жақсылық іс-әрекеттер  жасауға ұмтылуға баулиды.

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31