ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

 

Әлемнің көптеген елдері жыл сайын мамыр айының 15-ші жұлдызында «Халықаралық отбасы күнін» атап өтеді. Көпшілік тарапынан қолдау тапқан бұл күн біздің елде де кең көлемде тойланып келеді.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін халықтың демографиялық ахуалының артқаны маңызды роль атқарады. Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында да ең алдымен елдің денсаулығын жақсартуға, сондай-ақ, халық санының өсуіне ерекше назар аударуда. Ал қазіргідегідей бейбіт күнде өмір сүріп жатқан дені сау халықтың өсіп-өніп, жас отаулар санының жылдан-жылға көбейе түсетініне ешкім күмән келтірмес.

Статистикалық деректер бойынша, қазір Қазақстанда 3,5 миллионнан астам отбасы бар екен. Осы отбасыларының игілігі үшін елімізде көптеген жасампаз істер жүзеге асуда.

Әр мемлекеттің басты байлығы – халық десек, біздің егемен елімізде қазақстандық тұрғындардың бай-қуатты өмір сүруі үшін барлық мүмкіндік жасалып отыр. Осының бәрі – отбасыларындағы құндылықтарды, дәстүрді сақтап қалудағы мемлекеттің зор қолдауы.

Осылайша, қазіргі таңда үлкен маңызға ие болып отырған «Халықаралық отбасы күні» қарсаңында республиканың түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар өткізілуде. Атап өтерлігі, айтулы күн аймағымызда да мерекеленуде. Осыған орай, 15 мамыр, яғни алдағы демалыс күні облыс орталығында отбасылар әулетінің шеруі өтеді. Сонымен қатар, еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейінгілердің барлығына арналған мерекелік шаралар, спорттық және шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар алқасы аталмыш мерекеге барлық отбасыларын белсене қатысуға шақырып отыр.

Н.АҚЫТЕГІ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31