«ЖЫЛ ОТБАСЫ-2011»

Облыс орталығында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні айрықша аталып өтті. Павлодар облыстық әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның,сондай-ақ,  «Бес асыл» қоғамдық қорының мұрындық болуымен «Достық» үйі, «Астана» мұз сарайы және М.Катаев атындағы оқушылар сарайында айтулы мерекеге орай түрлі шаралар ұйымдастырды. Атап айтатын болсақ, павлодарлықтар «Ең спорттық отбасы» спорт байқауын, «Менің үйім. Менің отбасым» асфальтта сурет салу сайысын және қолданбалы өнер көрмесін тамашалады.

Ең басты шаралар – «Мөлдір бұлақтан» деп аталатын шығармашыл отбасылар фестивалі мен «Отбасы әулеттерінің шеруі» оқушылар сарайының сахнасында орын алды.

Облысымызда алғашқы рет аталып  өткен мереке ұйымдастырушылардың бірі, «Бес асыл» қоғамдық қорының директоры Ләззат Асқарованың айтуынша, шаралар аймағымыздың түкпір-түкпірінен жиналған 25 отбасының басын біріктірді.

- Қатысушылардың барлығы - өздерінің аудан және қалаларында өткен отбасылық байқаулардың жеңімпаздары. Шеруге ата-аналармен қоса, басқа да отбасы мүшелері қатысуға ниет білдірді. Аталмыш мереке өскелең ұрпаққа үлгі болады деген сенімдемін, - деді Л.Асқарова.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Отбасы әулеттерінің шеруі» атты байқауға қатысқан шығармашыл отбасылар «Жыл отбасы - 2011» атағына ие болу үшін өзара бақ сынасты. Олардың бойларындағы өнерлерін облыс әкімінің орынбасары және облыстық әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Әлия Ғалымова жетекшілік еткен қазылар алқасы сарапқа салды. Байқау талаптары бойынша отбасылар қауымы «Таныстыру», «Әке – асқар тау» және «Үй жұмысы» бөлімдерінің тапсырмаларын орындады.

Шеруге қатысқандар арасында қазақтың төл өнерін ұрпағына дарытқан баянауылдық Төлеубековтер, Ертіс ауданының Байғазыновтар, Май ауданының Сайырхановтар, лебяжілік Момынжановтар және ақтоғайлық Нұрғалиевтар отбасыларының өнерпаздары, спортты серік еткен облыс орталығына қарасты Павлодар ауылының Самокиш, екібастұздық Цыбанев, сондай-ақ, өзге ұлт өкілдерінен құралған шарбақтылық Мұратовтар мен Павлодар аудандық Ворониндер әулеттері жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Қазылар алқасының шешімімен үшінші орынды Самокиш және Момынжановтар отбасылары өзара бөліссе, екінші орын Мұратовтар әулетіне бұйырды. Ал байқаудың бас жүлдесі – «Жыл отбасы - 2011» атағына Екібастұз қаласының намысын қорғап, қарсыластарына дес бермеген Гумаровтар отбасы ие болды. Облыс әкімінің орынбасары Әлия Қайратқызы жеңімпаздардың қуанышына ортақтасып, сәйкес дәрежелі дипломдар және бағалы сыйлықтар табыстады. Айта кетерлігі, байқауға «Аналитикалық ақпарат орталығына» қарасты облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда прииртышья», «Регион.KZ» газеттері және «Аймақ айнасы» веб-порталы ақпараттық демеушілік етіп, «Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша Байғазыновтар, Қарамбаевтар және Ворониндер отбасын марапаттады. Сонымен қатар, «Отбасы әулеттерінің шеруі» шарасына демеушілік еткен бірқатар кәсіпорындар мен мекеме өкілдері байқау қатысушыларына дайындаған арнайы кәделерін сыйға тартты.

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31