«МИССИС ҚАЗАҚСТАН» - ПАВЛОДАРДА!

 

 

       Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, сондай-ақ «Сезон» журналы біріге отырып «Миссис Казақстан» сайысын әр облыста өткізіп келеді. Арулар сайысының іріктеу кезеңі Павлодар қаласындағы Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында да ұйымдастырылды.
      Республикалық «Миссис Қазақстан - 2010» байқауының мақсаты - аналарды қайырымдылықтың, бейбітшіліктің, ұлттық идеяның үлгісі ретінде дәріптеу, отбасын және тұрмыстағы әйелдердің қоғамдағы мәртебесі мен рөлін арттыру. Балалы-шағалы аналар байқауына облысымыздан 25-50 жас аралығындағы барлығы 14 үміткер қатысты. Павлодар, Екібастұз қалалары, Қашыр, Май, Успенка, Железинка, Ертіс, Лебяжье аудандарының өкілдері сайыстың барлық сындарынан сүрінбей өтіп, жоғары деңгейді көрсетті.
      Қызықты сәттерге толы байқауды ұйымдастыруға «Қазақстан алюминиі» АҚ, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы, «Сауда-өнеркәсіп палатасы», «Қазақтелеком» АҚ, «Мирас», «Азор» құрылыс компаниялары демеушілік етті. Сонымен қатар, «Миссис Қазақстан - 2010» іріктеу сайысында сатылған билеттерден түскен қаржы Қашыр аудандық балалар үйі, Павлодар қалалық жетімдер үйіне және ата-аналарынан айырылған жетім балаларға арналған №2 мектеп-интернатына бағытталады.
      Өнерлі де, аяулы ана бола білген қатысушы келіншектердің бойындағы білімі мен өнерін бағалайтын қазылар алқасына облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері мен отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Ә.Ғалымова жетекшілік етті. Қазылар мүшелерінің арасында «Әлем Миссисі» сайысының қатысушысы, «Миссис Қазақстан» байқауының жеңімпазы, «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Д.Сатжанова да болды.

       Қазылар алқасының шешімімен «Миссис элегантность» номинациясы бойынша Ертіс ауданынан келген үміткер Г.Сағитова марапатталса, «Миссис Avon» атағы Павлодар қаласының тұрғыны А.Ахматуллинаға бұйырды. «Шебер үй иесі» атағына павлодарлық А.Ақтанова, «Ең талантты» атағына Успен ауданынан келген сайыскер Н.Березникова және «Шығармашыл отбасы» атағына павлодарлық Л.Дудина ие болды. «Нұр Отан» ХДП филиалының арнайы сыйлығымен Қашыр ауданынан келген С.Фидулова, облыстық іскер әйелдер клубының арнайы сыйлығымен павлодарлық А.Нұрғалиева марапатталды. Сайыста өзінің жақсы қырларын аша білген Лебяжі ауданының тумасы А.Амрина «ІІ вице Миссис» атағын жеңіп алды. Ал «І вице миссис» номинациясын павлодарлық Д.Алина қанжығасына байлады.
       Павлодарлық А.Ахматуллина сайыстың ең басты жүлдесі «Миссис Павлодар – 2010» атағына ие болып, жеңімпаз атанды. Жеңімпазға демеушілер тарапынан Түркияға туристік жолдама табысталды.
       «Миссис Әлем» халықаралық ару-аналар байқауын бұдан 40 жыл бұрын америкалық Дэвид Мармел деген миллионер шығарған екен. Қазіргі кезде «Миссис Әлем» халықаралық байқауын дүниежүзінің барлық елдерінде дерлік ұйымдастырылып келеді. Аймақтардағы іріктеу аяқталған соң, «Миссис Қазақстан 2010» әйелдер арасындағы ІІ Ұлттық байқаудың финалы алдымыздағы қыркүйектің 16-сы күні Алматы қаласында өтеді. Финалда жеңіп шыққан ару халықаралық «Миссис Әлем 2010» байқауына қатысады. «Миссис Қазақстан 2010» байқауының басты демеушісі «AllurAuto Ssang» компаниясы бас жүлдеге «Yong Kyron» автокөлігін тігіпті. Ендеше, жерлесіміз А.Ахматуллинаға сәттілік тілейік!

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30 31