ҚР Конституциясының 15 жылдығы қарсаңында

      Ұлттық салт-дәстүрді берік ұстап, өзгеге үлгі бола білген енелер мен оларға сай болуға тырысқан келіндердің «Ырыс алды - ынтымақ» атты байқауы «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығында болып өтті.
      Қазақтың әдебиетін, тарихын, салт-дәстүрін насихаттау, ене мен келін арасындағы ынтымақты, татулықты жастарға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған байқауға аймағымыздың Ақсу, Екібастұз ауылдық аймағы, Баянауыл, Шарбақты, Павлодар, Ертіс және Железинка аудандарынан бақтарын сынауға 7 жұп қатысты.
     Төрт бөлімнен құралған байқаудың «Өнерліге - өріс кең» атты бөлімінде енесі келінін, келіні енесін көпшілікке таныстырды. Екінші «Білгенге маржан» атты бөлімде енелері ұршық иірсе, келіндері ою ойып, қолөнер шеберлігімен жұртшылықты тәнті етті. Ал «Көркіне ақылы сай» сұрақ-жауап сайысында енелер мен келіндер сұрақтарға жауап бере отырып, ой ұшқырлықтарын байқатты. Соңғы бөлім «Өнер алды қызыл тіл» деп аталды. Бұл шығармашылық сайысының шарты бойынша әр жұп өздерінің өнерлерін көрсету керек еді. Домбыра тартып ән шырқау, тіпті қазақтың ұлттық «Қара жорға» биін шебер билей білген келіндер мен енелер өнерден кенде еместіктерін дәлелдей түсті.
     «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығының директоры Е.Тілегенов басшылық еткен қазылар алқасы қатысушылардың бірқатар кемшіліктерін атап көрсетті.
     - Өкінішке орай, байқау барысында «әттеген-ай» деген тұстары аз болмады. Кемшіліктер баршылық, Болашақта бұл олқылықты жою мақсатында мәдениет қызметкерлерімен жұмыстар атқарылатын болады. Сол себепті бүгінгі сайыста І орын ешкімге бұйырмады, - деді Е.Тілегенов.
     ІІ орынды Баянауыл ауданынан келген Б.Әлібекова мен Ж.Әлібекова еншіледі. Ал ІІІ орынға Екібастұз ауылдық аймағынан келген Г.Құсбекова мен Қ.Мұқтарова ие болды. Қазылар шешімімен «Парасатты ана» номинациясы бойынша Павлодар ауданынан қатысқан К.Жұмашева марапатталса, «Өнерпаз келін» атағына Ақсу ауылдық аймағының үміткері Л.Серуен ие болды. «Ырыс алды - ынтымақ» байқауына белсене қатысқан жұптар Алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған сайыскерлерге дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31