ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ДАМЫТУҒА ШАҚЫРДЫ

 

    Балалар шығармашылығы үйінде «Бибі-Ана» мүгедек әйелдер республикалық қоғамының Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерге арналған семинар өтті.
    Алғаш сөз кезегін алған «Бибі-Ана» мүгедек әйелдер республикалық қоғамының Павлодар облыстық филиалының төрайымы Нағима Багирова басты мақсат - мүмкіндігі шектеулі жандардың басына түскен қасіретімен өзінің шағын әлемінде шектеліп қалуына жол бермеу, нұрлы болашаққа деген сенім ұялату, пайдалы ісімен шұғылдануына қолдау көрсету, ақыл-кеңес беру екеніне тоқталды.
    Семинарға қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген мәселелері мен ұсыныс-тілектерін ортаға салып, жолдаған сауалдарына жауаптарын алды.
   «Бибі-Ана» мүгедек әйелдер республикалық қоғамының Павлодар облыстық филиалында әйелдер мен қыздарға көрпе, қоржын және тағы басқа ұлттық киімдерді тігу бойынша апта сайын сабақтар жүргізіледі. Сондай-ақ жыл бойы ұлттық киімдер мен бұйымдарды тігуді үйрету мақсатында Ертіс, Ақтоғай, Ақсу, Екібастұз қалаларында семинарлар өткізу жоспарланған. Семинардың соңында Нағима Багирова ағымдағы жылдың қыркүйек айында Павлодар қаласында өтетін тағалау, ағаш пен киізден, былғарыдан, түрлі маталардан жасалған бұйымдар көрмесіне белсенді қатысуға шақырды. Сыйлық қорында ең таңдаулы жұмыстар үшін «Veritas» тігін машинасы, тігін құралдарының жиынтығы мен көптеген тұрмысқа қажет сыйлықтар тағайындалған.

Ақбота СЕЙСЕНБАЕВА,
Ақсу қаласы

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 25
26 27 28 29 30 31