ЕСІМДЕРІМЕН КӨШЕЛЕР АТАЛСА...

 

       Қашыр ауданында ұзақ жылдар қызмет етіп, елге еңбегі сіңген жандар аз емес десек, солардың бірі – Айдархан Төрегелдинов. Омбы облысы Шарлақ ауданының тумасы, жоғары білімді агроном 1956 жылы Қашыр ауданы «Октябрь» кеңшарының үшінші бөлімшесінде еңбек жолын бастайды. Келе-келе тәжірибе жинақтап, іскерлік көрсеткен азамат басшы қызметтерге тағайындалады. 1966-1980 жылдары «Байқоныс» кеңшарының директоры болып қызмет етеді. Артта қалған шаруашылықты өрге бастырып, астық қоймасын, мал қораларын салғызады. Жаңа онжылдық мектеп пен балабақша бой көтереді. Еңбегі еленіп, көптеген үкімет марапаттарына ие болады.

       Осыған байланысты менің ұсынысым – Байқоныс ауылындағы бір көшеге А.Төрегелдиновтің есімі берілгені, ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылғаны жөн.

       Уәли Баилдинов, Зейнолла Мұханов, Қасқырбай Қалиев, тағы басқа белгілі жерлестерімізді жас ұрпақ алдында үлгі-өнеге етуді ойластырған дұрыс деп есептеймін.

Көкіш ӘМІРЖАНҰЛЫ,

Қашыр ауданының құрметті азаматы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30