“БАЛДЫРҒАН” ЖАН МЕН ТӘНІҢДІ САУЫҚТЫРАДЫ

 

     Мектебімізде «Балдырған» сауықтыру лагері маусым айының бірінен бастап жұмыс істеді. Ашылу салтанатында қалалық білім беру бөлімінен А.Жұмагелдинова және мектебіміздің директоры М.Қасенова құттықтау сөз сөйледі. Ашылу салтанатын демалушылармен бірге тамашалап, жақсы демалуларына сәттілік тіледі.

     Сауықтыру лагерінде І кезең бірінші маусымнан он екінші маусым аралығында өтті. І кезеңде 150 оқушы демалды. ІІ кезең маусымның он төртінен жиырма алтысына дейінгі аралықта өтті. ІІ кезеңде 70 бала демалды. ІІІ кезең маусымның жиырма сегізінен шілденің онына дейін деп жоспарлап отырмыз. І кезеңде алты топ жұмыс істеді.  Таңғы жаттығуды арнайы жаттықтырушы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Зарықбекова жасатады. Жаттықтыру жұмысынан кейін лагерьдің аты, әнұраны «Балдырғандар әні» орындалып, демалушылар салтанатты көңіл күймен асханаға апарылады. Асханадан кейін 9.30-10.30-ға дейін әр топтағы іс -шаралар өткізіледі. 10.30-11.30-ға дейін лагерьдегі жоспарланған іс-шара өткізіледі. Лагерьдің негізгі мақсаты сауықтыру болғандықтан омыртқа жотасының қисаюының алдын алу және жалпақ табандылықты емдеуге арналған іс-шаралар аптасына үш рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері жүргізіледі. Лагерьдің жұмыс уақыты 9.00-14.00-ге дейін. 1 маусым күнінде лагерьдің ашылу салтанатына «Өнерлінің өрісі кең» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Маусым айына толық айлық жоспар жасалып, айлықтан апталық, апталықтан күндік жоспар жасалды. Күн тәртібі, сауықтыру лагерінде жұмыс істейтін тәрбиешілерге арналған қауіпсіздік ережелері және демалушыларға арналған қауіпсіздік ережелері жасалып, оқушыларға, ата-аналарға, тәрбиешілерге таныстырылды. Лагерьде балалардың компьютерлік сауаттылығын арттыруға арналған «Жаңа әлем» үйірмесі, ән айту шеберлігін шыңдау мақсатында «Сазды әуен» үйірмесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, өзін-өзі басқаруға, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу мақсатында «Сымбат» секциясы жұмыс жасады. «Жаңа әлем» үйірмесіне күніне бір топ жіберілді, ал «Сазды әуен» үйірмесіне ән айту қабі-леттері ескеріліп алынды. Лагерьге келген демалушыларды мектебіміздің медбибісі Ш.Құсайынова учаскелік дәрігермен бірлесе отырып, медбайқаудан өткізді. Және күнделікті таңертең денсаулықтарын тексеріп отырды. Әр бейсенбі күні қаламыздағы балалар шығармашылық үйіне түрлі іс-шараларға апарылады. Оныншы маусым күні балалар шығармашылық үйінде жоспарлы түрде өткізілген іс-шарадан балалар жүлделі ІІ орынды иеленді. 25 маусым күні ІІ кезеңнің жабылу сәтіне «Астана, туған күніңмен!» атты музыкалық кеш өткізіліп, әр демалушыға лагерьде байқалған тартымды қасиеттеріне сай «Жаз аруы», «Көңілді сұлтан», «Күміскөмей», «Жас талант», «Қылқалам шебері» т.с.с. аттаулар берілді. Демалушылар лагерьді ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне және лагерьде өздеріне қызмет жасаған тәрбиешілерге, аспаздарға, жаттықтырушыға, медбибіге, топтарда тазалық сақшысы болған еден жуушы апайларына алғыстарын білдіріп, қолдан жасалған қолөнер бұйымдарын табыс етті.

Ш.Қасымханова,

№ 2 орта мектеп, Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31