«АҚТОҒАЙ» ҚҰШАҚ ЖАЯ ҚАРСЫ АЛДЫ

 

     Жуырда «Ақтоғай» аудандық демалыс лагері бірінші маусымда демалатын 75 бала үшін есігін айқара ашты. Салтанатты жиын кезінде аудан әкімі М.Көбенов өзінің құттықтау сөзінде балаларға жақсы демалып, оқу жылына ерекше ынтамен кірісіңдер деген тілек білдірді. Лагерь директоры, Абай атындағы орта мектептің психолог маманы Қ.Пістебаев тәрбиеленушілерге  жазғы демалыс уақытын қызықты өткізуді тіледі. Лагерь директорына тәжірибелі ұстаз А.Үсейінова көмек көрсетеді. Жалпы, мұнда 24 адам жұмыс жасайды, олардың қатарында 12 тәрбиеші және осыншама адам техникалық  қызмет атқарады. Педагогикалық ұжым сапында Харьков орта мектебінің тәжірибелі оқытушылары – Т.Көбеш, Д.Әбетова, Ә.Әбетова, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі, дене шынықтыру жаттықтырушысы С.Құрманбаева бар. «Самал» дәмханасының бас аспазы А.Серікбаева, аспаз Г.Жармағамбетова  дәмді тамақ дайындайды. Балалардың денсаулығы Еңбекші орта мектебінің тәжірибелі медбикесі Д.Құсайынованың бақылауында болады.

      Балаларды  демалыстың қызықты да көңілді күндері күтіп тұр. Әр күнге көптеген іс-шаралар   жоспарланған. Осы орайда Нептун, спорт, кітап және басқа күндерді өткізу ойластырылды.

     Биылғы жылғы лагерьдің бір ерекшелігі – киіз үйдің тігілуі. Мұнда мұражай ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдары көрмеге қойылған. Сондай-ақ, жылжымалы кітапхана да жұмыс жасайды. Балаларға табиғат, өсімдік және жануарлар дүниесі туралы, детективтік әдебиетттер, ертегілер, дастандар, халық ауыз әдебиеті, заманауи шығармалар ұсынылады.  Осылайша, кітапсүйер қауым үшін барлық жағдай жасалған.

     Лагерьдің Түлкі өзенінің жағасындағы  Жоламан ауылына жақын жердегі өте көрікті жерге орналасқанын атап айтқан жөн. Ауасы таза, жасыл желекке оранған аталмыш жерде екінші маусымда 55 бала демалады деп жоспарлануда.

 

Т.СМАҒҰЛОВ

Ақтоғай ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31