ҚАЛА ОҚУШЫЛАРЫ ОЙДАҒЫДАЙ ТЫНЫҒУДА

 

     Еліміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі жазғы мезгілде балалар мен жасөспірімдерді демалту, сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру болып табылады. Павлодар қаласының қырық жалпы білім беру мектептерінде мектеп жанынан лагерьлер ашылды. Мұнда балалар күндізгі уақытта болып, үш мезгіл тамақтанады. 15 күндік екі маусым ұйымдастырылды. Жолдама құны 3750 теңгені құрайды, сонда шамамен 7 мың (2009 жылы - 5300) балалар мен жасөспірімдерді демалыспен қамту жоспарланған.
     Қаладан тыс жердегі «Лесная сказка» лагерінде интернаттық мекемелердің 95 тәрбиеленушісі демалады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 10,5 миллион теңге бөлінді. Баянауылда ашылған «Жас дәурен» оқу-сауықтыру орталығына қала мектептерінде білім алатын 90 жетім бала жолдамамен аттанды. Сонымен қатар ата-ана қаражаты есебінен қала сыртындағы легарьлерде 1300-ге жуық бала демалады.
Білім беру бөлімі оқушыларды еңбекпен қамтуға баса көңіл бөліп жатыр. 1500-ге жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың жоғары сынып оқушылары, сонымен қатар «қауіптілік тобына» жататын жасөспірімдер қаланы көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына қатысуда. Жергілікті бюджеттен жоғары сынып оқушыларының еңбегін төлеуге 15 миллион теңге бөлінді. Оқушылар бір маусым, яғни 15 күн жұмыс істегені үшін 6500 теңге алады.
     Аз қамтылған отбасы оқушыларына қаланың кәсіпорындарында 440 уақытша жұмыс орны құрылды. Жыл сайын бұл бағытта «РИФ», «Павлодарэнерго», «Казстройимпульс», «Рубиком», «Хагги и К» және басқа да кәсіпорындар қол ұшын береді. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру қаланың мектептен тыс мекемелерінде де жүргізіледі. Тұрғылықты мекенжайы бойынша оқушыларға бағытталған әртүрлі жазғы жобалар іске асуда. Оқушылар «АРТ СОЮЗ», «Жазғы таңғажайыптар», «Ерке бала», «Біздің аула балалары» сынды жобаларға тартылды. Биыл алғаш рет «Жас экскурсант» атты ұзақ мерзімді жоба басталды. Оған 420-дан астам оқушы қатысуда. Қалалық жобаларға маусым айында барлығы төрт мыңнан астам оқушы қатысты, ал екі мыңнан астамы көрермен ретінде уақыт өткізді.
     Балалар қозғалысын белсендендіру мақсатында тамыз айында жоғары сынып оқушы-көшбасшыларының көшпелі отырыстарын ұйымдастыру көзделуде. Оған 100 оқушы тартылады. Қатаң бақылауда тұрған жеткіншектермен жұмыс істеу де жалғасын табады. Тамыз айында дәстүрлі «Азаматтық-құқықтық актив мектебінің» көшпелі шарасы ұйымдастырылмақ.
     1500 оқушы жазғы мезгілде балалардың музыкалық және көркемөнер мектептері жанындағы бағдарлы лагерьлерде өздерін қызықтыратын істерімен айналысады. Сонымен бірге балалар техникалық мектебінде 540 бала әртүрлі үйірмелерге тартылған.
Тағы бір айта кетерлігі, «Жасыл ел» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде балалар экологиялық мектебінің «Жер байлығы» еңбек лагерінде төрт мыңнан астам оқушы демалыс пен зерттеу жұмыстарын үйлестіріп жатыр. Ал жас натуралистер үшін «Баянауыл» туристік базаға өлкетану-экологиялық қадамдар және экспедициялар жасалуда. Мұнда 650 оқушы демалады. Бір сөзбен айтқанда, қала басшылығы, білім беру мекемелері мектеп оқушыларының жаңа оқу жылына жаңа күшпен келулері үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Павлодар қаласының
білім беру бөлімі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28 29 30 31