Жадырап жаз шығысымен әрбір ата-ананы баласының қайда және қалай дем алатыны толғандырады. Бүгінде бұл мәселе әсіресе, қалалық ата-аналар үшін үлкен проблемаға айналып отыр. Себебі, қалада техникалық қозғалыс та, халық та көп болғандықтан, мектеп оқушыларының көшеде, алаңда емін-еркін жүріп-тұруы өте қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Осыны ескерген Павлодар қалалық білім беру бөлімі шаһар оқушыларының жаз айларында қараусыз қалмай, барынша көңілді дем алуы үшін 40 мектептің жанынан жазғы лагерь ашты.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 23 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

