ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС – ОЙДАҒЫДАЙ

 

      Балалар мен жасөспірімдердің жаз мезгіліндегі демалысын қызықты ұйымдастыруға Баянауыл ауданы ерекше мән беріп отыр. Аудан бойынша өткен оқу жылында отыз үш мектеп жұмыс істеп, 4728 оқушы білім алды. Жазғы демалыс шараларына жергілікті қазынадан 3307,48 мың теңге бөлінді. Аталған қаражатқа 1789 бала мектептер жанындағы жазғы сауықтыру орындарында демалуда. Бұлар - аз қамтамасыз етілген, аз табысты отбасылардан шыққан, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тағы да басқа оқушылар. 1935 оқушы еңбекпен қамтылды.
      Ата-анасыз қалған тоғыз жасөспірім «Орленок» демалыс орнының бастығы Болат Қашағановтың демеушілігімен аталған лагерьде тегін демалды. Көптеген оқушылар Астана, Қарағанды, Павлодар қалаларына, Мәшһүр Жүсіп кесенесіне, Жасыбай, Сабындыкөл аймағы мен аудандағы Қ.Сәтбаев, С.Торайғыров, Ж.Мұса мұражайларына саяхаттады. Сонымен бірге жазғы кезеңде мектептерде спорт, қолөнер үйірмелері мен аула клубтары жұмыс істеп тұр.
      Жалпы биылғы демалыс маусымында аудан оқушыларының 95 пайызы қамтылды.

Айнұр ҚУАТҚЫЗЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30