2010 жылдың 1 мамырына ағымдағы есеп бойынша Павлодар облысының халық саны 751,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде – 66,8% және ауылдық жерде – 33,2%. Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде облыс бойынша 4088 туу тіркелді, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға аз көрсеткіш. Қалалық жерде туғандардың саны 7,6%-ға төмендеді, ауылдық жерде туғандардың саны 0,5%-ға артты. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 16,39 туғандар санын құрады.
Осы кезеңде қайтыс болғандардың саны 2779 адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,4%-ға артық көрсеткіш. Қалалық жерде өлгендердің саны 5,4%-ға ұлғайып, ауылдық жерде 2,6%-ға азайды. Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 10,86 адамды құрады.
Өлімнің негізгі себептері қан айналымы жүйесінің аурулары болып табылады, осы аурулардың үлесі барлық тіркелген өлім жағдайларының 56,4%-ын құрайды.
Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде АХАЖ органдарында тіркелген неке саны 0,2%-ға азайды, ал ажырасу саны 5,6%-ға ұлғайды.
2010 жылдың қаңтар – сәуірінде 1631 неке қию мен 898 ажырасу тіркелді. Неке қию мен ажырасудың коэфициенті 1000 адамға 8,3 неке және 3,6 ажырасуды құрады.
2010 жылдың 4 айы ішінде облысымыздан республика шегіне тыс 569 адам көшіп кетті (2009 жылдың қаңтар – сәуірінде – 862 адам), соның ішінде 508 адам ТМД елдеріне және 61 адам әлемнің басқа елдеріне кетті. Сыртқы көші-қон арқылы келгендердің саны 372 адамды құрады, соның ішінде ТМД елдерінен – 257 адам, әлемнің басқа елдерінен – 115 адам.
***
2010 жылдың 1 тоқсанында үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері бойынша тұтынуға пайдаланылған табыс мөлшері орташа жан басына шаққанда бір ай ішінде 24382 теңгені құрады. Ауыл тұрғындарының өздігінен өндіретін өнімді тұтынудың құндық бағалануының үлес салмағы 18,4%-ға, ал қала тұрғындарында 4,9%-ға жетті. Тұтынуға жұмсалған табысты қалыптастыру негізінен ақшалай табыс есебінен жүзеге асырылды, олардың үлесіне жалпы табыстың 91%-ынан келеді.
Табыстың сатып алу қабілеттілігі деп тұтынуға жұмсалған орташа жан басына шаққандағы табыс пен күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасының ара салмағын айтады, айтарлықтай оның үлесіне 223,7%-дан (2009 жылдың 1 тоқсанында – 198,2%) келеді.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасынан төмен табысын тұтынуға жұмсаған халық үлесі 3,7%-ды, азық-түлік қоржыны құнынан төмен 0,2%-ды, ал республика бойынша сәйкесінше 6,6% және 0,4%-ды құрады.
Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай шығысы бір айда 22171 теңгеге жетті (қалалық жерде – 25358 теңге, ал ауылдық жерде – 16709 теңге). Халықтың ақшалай шығысы құрылымындағы 89,2%-ы тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға; 4,3%-ы туыстарға, таныс адамдарға материалдық көмек көрсетуге, алимент төлеуге; 6,4%-ы несие және қарызды төлеуге; 0,1%-ы салық төлеуге, төлемақы және басқа да төлемдерге жұмсалған. Тұтыну шығыстарына азық-түлік тауарлары (40,4%), азық-түлік емес тауарлар (31,6%) және ақылы қызметтер (28%) жатады.
Облыстық статистика департаменті.

