ЕРЛІК ІС ТАНЫТТЫ

Біз Лебяжі ауданы Жабағылы ауылының тұрғындары және жергілікті ардагерлер кеңесі төмендегідей өтінішімізді білдіреміз.

Үстіміздегі жылдың 8 қыркүйек күні орын алған орман өрті кезінде жалын құшағында қалған ауылымыздың тұрғындары Нұрбаевтар отбасын құтқару барысында Шарбақты ауылдық округіне қарасты ветеринария саласының мемлекеттік инспекторы Талғат Қасенов, әкімдік аппаратының маманы Жұмагелді Айғожин, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Серік Тәуірғалин, сондай-ақ медициналық қызметкерлер құрамы: Гүлжанат Исатаева мен Райса Нысанбекова ерлік көрсетті. Олар өз өмірлеріне қауіп төніп тұрса да, жолындағысының барлығын жалмаған жалын мен қалың түтіннің арасында жүріп, күйік шалған Нұрбаевтар отбасына алғашқы көмектерін көрсетіп, аудандық ауруханаға жеткізе білді. Сондықтан жоғарыда аталған жайттарды ескере отырып, сіздер арқылы аталмыш азаматтарға шын жүректен үлкен алғысымызды білдіреміз. Есімдері аталған жаны жайсаң бұл азаматтар назардан тыс қалмаса екен дейміз. Тиісті органдар, оның ішінде облысымыздың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшылығы бұл жайтқа көңіл аударады деген үмітіміз бар. Себебі олардың бұл әрекеттері үлкен қошеметке лайық.

Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Жеңіс Айғожин және Нұрбаевтар

отбасының туыстары

Бекжан Сейсембаев, Еркебұлан Әбсәләмов.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 22 23 24 25 26
27 28 29 30