Алғысым шексіз

Жуырда Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Лебяжі ауданындағы үйде білім алатын мүгедек балаларға компьютерлер табыс етілді. Мұндай қамқорлыққа менің қызым Гүлназ да ие болды. Қызым Аққу ауылындағы Ә.Баймолдин атындағы орта мектептің екінші сыныбында оқиды. Тағдырдың жазғанына қарсы тұра аламыз ба?! Қызымыздың мектепке барып білім алуға денсаулығы жарамай, ұстаздар қауымы кішкентай Гүлназымды үйге келіп оқытады. Енді, міне, ғылым мен техниканың дамыған заманында менің де балам көштен қалмай, көппен бірге сапалы білім алатын болды. Мұндай тосын сыйға ие болған Гүлназымның қуанышты түрін көрсеңіздер! Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балаларға көп жағдай жасап жатқан еліміздің Білім және ғылым министрлігіне, Павлодар облысының әкімі Б.Сағынтаевқа және балама сапалы білім беру үшін еңбек етіп жатқан Ә.Баймолдин орта мектебінің ұстаздар ұжымына шексіз алғысымды білдіремін. Көңілі жадау баланың еңсесін көтеріп, жүрегіне үміт отын жағатын осындай қайырымдылық шаралары көптеп ұйымдастырлып тұрса деген тілегім бар. Себебі, олар да еліміздің дамып, гүлденіп, көркеюіне өз үлестерін қосатыны анық.

К.ӘШІМХАНҰЛЫ,

Лебяжі ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 31