Елбасымыз халыққа Жолдауында елдің ертеңі болар сәбилерді балабақшамен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берген еді. Бүгінгі таңда бұл мәселе біртіндеп шешімін тауып, ата-аналар мен кішкентай бүлдіршіндерімізді қуантуда. Павлодар қаласына қарасты Саяжай мөлтек ауданында ашылғанына аз ғана уақыт болған №2 сәбилер бақшасы соның дәлеліндей. Аталмыш балабақша күннен-күнге көркейіп келеді. Ауласына жас ағаштар отырғызылды, әдемі гүлдер егілді, сондай-ақ балаларға арналған ойын-сауық алаңдары салынды. Ондағы тәрбиешілердің жүргізіп жатқан іс-шараларына қарап та көңіл тоярлықтай.
Қазыман САМАЙ,
зейнеткер, Павлодар қаласы.

