Елбасының «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Май ауданына қарасты Қаратерек ауылында ауқымды жұмыстар қолға алынуда.
Осыдан қырық жылдан астам уақыт бұрын салынған балабақша кейін шаруашылық ыдыраған кезде қараусыз қалған. Соның салдарынан бүгінде есік-терезесі мен жылу құбырлары тоналып, төрт қабырғасы ғана бар ғимаратты қайта жөндеуге 5 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қазір мұнда жұмыспен қамту орталығында кезекте тұрған он үш азамат қызу еңбек етіп, нысанды ретке келтіруде. Сонымен жақында ауыл тұрғындарының тілегі орындалып, бүлдіршіндер игілігі үшін «Балбөбек» атты жаңа балабақша ашылмақ.
Бақыт ӘБІЛҚАСОВА,
Май ауданы, Қаратерек ауылы.

