№1 мектептің қабырғасы қаланғаннан бері көптеген шәкірттеріміздің қанаттары қатайып, бүгінгі күні еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек жолында өздерінің жақсы көрсеткіштерімен көрініп жүр.
Қазіргі түлектеріміздің де басым бөлігі жоғарғы оқу орындарында білім алып жатыр. Солардың бірі – ерекше мақтанышпен айтатын 2007 жылдың түлегі Ақмарал Толқынқызы.
Ол – Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия университетінің шет тілдер бөлімінің 4-ші курс студенті. Грант бойынша оқуға түсіп, Алла жазса қызыл дипломмен аяқтағалы отыр. Биылғы жаздың үш айында Ақмарал сонау Америка еліне барып тәжірибе алмасты. Өзінің ағылшын тіліне деген құштарлығы мектепте оқығанда бірден-ақ біліне бастады. Мектеп бағдарламасынан артық жоспар құрып, мақсаты ағылшын тілінде еркін сөйлеу. Шет елге баруының себебі - сол жоспарының бір ғана бөлшегі. – Америка елінің үш штатында, яғни Нью-Йорк, Вашингтон, Аляскада болған кездерімде тек жақсы әсер алдым, - дейді Ақмарал. Бұл елде Ақмарал өзінің бар шеберлігін көрсетіп, шетелдіктерді таң қалдырды.
Р.СҮЙІНОВА,
№1 қазақ орта мектебінің ұстазы.

