Мен жақында Қарағанды облысының «Саялы» деп аталатын шипажайында тегін емделіп, денсаулығымды жақсартып қайттым.
Бұл емдеу орны осы заманғы емді кең түрде қолданады екен. Жүрегімді, буындарымды емдеттім. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Мұның өзі облыс әкімдігі тарапынан біз сияқты зейнеткерлерге, науқас адамдарға жасалған әлеуметтік қорғау шаралары нәтижесінде мүмкін болды. Осындай игілікті ісі үшін облыс әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа ризашылығымды білдіремін.
Нағима НҰРТАЗИНОВА,
Павлодар қаласының тұрғыны.

