№12 балабақшада «Өрт қауіпсіздігі» айлығына орай ән-күй сабағын жүргізуші Әсел Аманжолова мен тәрбиешілер Қарлығаш Егінбаева, Бибігүл Қабдулованың ұйымдастыруымен «Жұлдызша» даярлық тобында ертеңгілік өтті.
Даярлық топтың балдырғандары өздерінен кіші топтағы бүлдіршіндерге өрт қауіпсіздігінің ережелері мен қауіпсіздік ережелері, өртті сөндірушілердің қызметі жөнінде қызықты ақпараттармен таныстырды. «Үш торай» ертегісі желісінде өткен ертеңгілік барысында балалар өрт сөндіру жолдары мен сіріңке, от, көмір, газ, үтік, өрт сөндіру құралдары жөнінде өлең, тақпақтар қызықты ойын арқылы жеткізді. Әртүрлі жұмбақтар жасырылып, «Кім жылдам?» атты қимылды ойын-сайыс өткізілді. «От – біздің қасымыз да, досымыз да» тақырыбында мектепалды топтарының тәрбиеленушілері сурет салып, үлкен көрме ұйымдастырылды. Ата-аналарға өрт қауіпсіздігі жайлы кеңестер берілді.
Г.АБУЕВА,
№12 балабақшаның еңбек
қорғау инспекторы.

